Қолданушы нұсқаулығы

Table Of Contents
Kk_03
11
Қауіпсіздік шаралары
A САҚТЫҚ ЕСКЕРТУ
Пайдалану тыйым салынған кезде бұл өнімді өшіріңіз.
Сымсыз жабдықты пайдалануға тыйым салынған кезде
сымсыз мүмкіндіктерді өшіріңіз.
Бұл өнім тудыратын радиожиілікті сәулеленулер ұшақтағы,
я болмаса, ауруханалардағы немесе басқа медициналық
мекемелердегі жабдыққа кедергілер келтіруі мүмкін.
Бұл өнім ұзақ уақыт бойы пайдаланылмайтын болса,
батареяны алыңыз және айнымалы ток адаптерін
ажыратыңыз.
Бұл сақтық шарасын қолданбау өртке немесе өнім ақаулығына
әкелуі мүмкін.
Жарқылды теріге немесе заттарға тигізіп тұрып немесе
жақындатып жақпаңыз.
Бұл сақтық шарасын қолданбау күйіктерге немесе өртке әкелуі
мүмкін.
Өнімді ұзақ уақыт бойы өте жоғары температуралар әсер
ететін жерде қалдырмаңыз, мысалы, жабық автокөлікте
немесе тік күн сәулелерінің астында.
Бұл сақтық шарасын қолданбау өртке немесе өнім ақаулығына
әкелуі мүмкін.
Тікелей АФ қосымша шамына қарамаңыз.
Бұл сақтық шарасын қолданбау көруге кері әсер етуі мүмкін.
Фотокамераларды немесе объективтерді штативтер немесе
ұқсас керек-жарақтар жалғанған күйде тасымалдамаңыз.
Бұл сақтық шарасын қолданбау жарақатқа немесе өнім
ақаулығына әкелуі мүмкін.
Мониторда немесе көріністапқышта жоғары
температура туралы ескерту көрсетілгенде жад
карталарына тимеңіз.
Жад карталары ыстық болады. Бұл күйіктерге әкелуі
я болмаса алу кезінде карталарды түсіріп алуға және
зақымдауға әкелуі мүмкін. Фотокамераның корпусы мен
батареялар да ыстық болуы мүмкін екенін ескеріңіз.