САНДЫҚ ФОТОКАМЕРА Қолданушы нұсқаулығы • Фотокамераны пайдаланбас бұрын, осы құжатты мұқият оқып шығыңыз. • Фотокамераны дұрыс пайдалануды қамтамасыз ету үшін «Қауіпсіздік шаралары» бөлімін (8-бет) оқып шығыңыз. • Осы құжатты оқыған соң, оны болашақта анықтама ретінде пайдалану үшін қолжетімді жерде сақтаңыз. Егжей-тегжейлі пайдалану туралы нұсқауларды алу үшін сканерлеңіз.
Бастау алдында Z 8 Қолданушы нұсқаулығы және Анықтамалық нұсқаулық Осы Қолданушы нұсқаулығы құжатына қоса, фотокамераңыз үшін Анықтамалық нұсқаулық құжаты қолжетімді. Қолданушы нұсқаулығы (осы құжат) Қолданушы нұсқаулығы фотокамераның негізгі әрекеттерін сипаттайды. Анықтамалық нұсқаулық Фотокамера мүмкіндіктері және әрекеттері туралы мәліметтер Қолданушы нұсқаулығы құжатының қосымшасы болып табылатын Анықтамалық нұсқаулық құжатында берілген.
Құжаттаманы және бағдарламалық жасақтаманы жүктеп алу Nikon жүктеп алулар орталығы Сандық фотокамераларға, NIKKOR объективтеріне және жарқыл бөліктеріне арналған құжаттама сонымен бірге бағдарлама жасақтамасының жаңартымдары әрі NX Studio және басқа бағдарламалық жасақтама Nikon жүктеп алу орталығында қолжетімді. https://downloadcenter.nikonimglib.
Орауыш құрамы Мұнда тізілген барлық заттар фотокамерамен қоса берілгеніне көз жеткізіңіз. • Фотокамера корпусы • BS‑1 керек-жарақтарға арналған құрылғы қақпағы (фотокамераға бекітілген күйде келеді) • DK‑33 резеңке көзүсті қалқан (фотокамераға жалғанған күйде келеді) • BF‑N1 корпусының қақпағы • Жад карталары бөлек сатылады.
Осы құжат туралы Таңбалар Бұл құжатта келесі таңбалар пайдаланылады. Оларды қажет ақпаратты табу үшін пайдаланыңыз. D Кеңес 0 Бұл белгіше ескертпелерді белгілейді, осы өнімді пайдаланудың алдында оқылуы тиіс ақпарат. Бұл белгіше кеңестерді, осы өнімді пайдаланғанда сізге пайдалы болуы мүмкін қосымша ақпаратты белгілейді. Бұл белгіше осы құжаттың өзге бөлімдеріне жасалған сілтемелерді белгілейді. Шартты белгілер • Бұл фотокамерада CFexpress (Type B), XQD, SD, SDHC және SDXC жад карталары пайдаланылады.
Мазмұны Бастау алдында 2 Z 8 Қолданушы нұсқаулығы және Анықтамалық нұсқаулық................................................................................. 2 Құжаттаманы және бағдарламалық жасақтаманы жүктеп алу................................................................................ 3 Nikon жүктеп алулар орталығы............................. 3 Nikon бағдарламалық жасақтамасы жүктеп алынуда............................................................... 3 Орауыш құрамы.............................
Негізгі фотосурет түсіру және ойнату 40 Фотосуреттер түсіру................................................................... 40 Бейнефильмдер жазу................................................................ 44 Ойнату........................................................................................ 47 Ақауларды жою 48 Тұтынушыларды қолдау қызметіне хабарласу алдында........ 48 Техникалық ескертпелер 49 Фотокамераны күту....................................................................
Қауіпсіздік шаралары Мүлікті зақымдауды я болмаса өзіңізді немесе басқаларды жарақаттауды болдырмау үшін осы өнімді пайдалану алдында «Қауіпсіздік шаралары» бөлімін толығымен оқыңыз. Осы қауіпсіздік туралы нұсқауларды оқығаннан кейін болашақта анықтама алу үшін оңай қол жететін жерде сақтаңыз. A ҚАУІП: бұл белгішемен белгіленген сақтық шараларын қолданбау өлім немесе ауыр жарақат қаупін тудырады. A ЕСКЕРТУ: бұл белгішемен белгіленген сақтық шараларын қолданбау өлімге немесе ауыр жарақатқа әкелуі мүмкін.
A ЕСКЕРТУ Құрғақ күйде ұстаңыз. Ылғалды қолдармен ұстамаңыз. Ашаны ылғалды қолдармен ұстамаңыз. Бұл сақтық шараларын қолданбау өртке немесе ток соғуына әкелуі мүмкін. Осы өнім қосулы кезінде немесе розеткаға қосулы кезінде терінің өнімге ұзақ тиіп тұруына жол бермеңіз. Бұл сақтық шарасын қолданбау төмен температуралық күйіктерге әкелуі мүмкін. Тұтанғыш шаң немесе пропан сияқты газ, бензин немесе аэрозольдар бар жерде бұл өнімді пайдаланбаңыз.
A ЕСКЕРТУ Осы өніммен бірге пайдалануға арналмаған батареяларды, зарядтау құрылғыларын, айнымалы ток адаптерлерін немесе USB кабельдерін пайдаланбаңыз. Осы өніммен бірге пайдалануға арналған батареяларды, зарядтау құрылғыларын, айнымалы ток адаптерлерін және USB кабельдерін пайдаланғанда мыналарды істемеңіз: • Сымдарды немесе кабельдерді зақымдамаңыз, өзгертпеңіз, күшпен тартпаңыз немесе майыстырмаңыз, ауыр заттардың астына қоймаңыз, я болмаса, оларға жылу немесе жалын әсерін тигізбеңіз.
A САҚТЫҚ ЕСКЕРТУ Пайдалану тыйым салынған кезде бұл өнімді өшіріңіз. Сымсыз жабдықты пайдалануға тыйым салынған кезде сымсыз мүмкіндіктерді өшіріңіз. Бұл өнім тудыратын радиожиілікті сәулеленулер ұшақтағы, я болмаса, ауруханалардағы немесе басқа медициналық мекемелердегі жабдыққа кедергілер келтіруі мүмкін. Бұл өнім ұзақ уақыт бойы пайдаланылмайтын болса, батареяны алыңыз және айнымалы ток адаптерін ажыратыңыз. Бұл сақтық шарасын қолданбау өртке немесе өнім ақаулығына әкелуі мүмкін.
A САҚТЫҚ ЕСКЕРТУ Өнімді кардиостимуляторлардан және басқа медициналық құрылғылардан кемінде 5 см қашықтықта ұстаңыз. Жақын жерде орналасқан медициналық құрылғыларға өнімдегі магнит немесе магниттер әсер етуі мүмкін. A ҚАУІП (Батареялар) Батареяларды дұрыс емес пайдаланбаңыз. Келесі сақтық шараларын қолданбау батареялардың ағуына, қызып кетуіне, жарылуына немесе өртенуіне әкелуі мүмкін: • Тек осы өнімде пайдалану үшін бекітілген қайта зарядталмалы батареяларды пайдаланыңыз.
A ЕСКЕРТУ (Батареялар) Батареяларды балалар жетпейтін жерде сақтаңыз. Бала батареяны жұтып қойса, дереу медициналық көмекке жүгініңіз. Батареяларды үй жануарларынан және басқа жануарлардан аулақ ұстаңыз. Жануарлар тістесе, шайнаса немесе басқалай зақымдаса, батареялар ағуы, қызып кетуі, жарылуы немесе өртенуі мүмкін. Батареяларды суға батырмаңыз немесе оларға жаңбыр әсерін тигізбеңіз. Бұл сақтық шарасын қолданбау өртке немесе өнім ақаулығына әкелуі мүмкін.
Ескертпелер • Осы өніммен бірге келген құжаттаманың ешбір бөлігін Nikon компаниясының жазбаша рұқсатынсыз қандай да бір жолмен көбейтуге, таратуға, транскрипциясын жасауға, іздеу жүйесінде сақтауға немесе кез-келген түрде басқа бір тілге аударуға рұқсат етілмейді. • Nikon компаниясы осы құжаттамада сипатталған жабдық пен бағдарламалық жасақтаманың сыртқы түрін және техникалық сипаттамаларын кез келген уақытта және алдын ала ескертусіз өзгерту құқығын сақтап қалады.
• Кейбір көшірмелер және көбейтілген нұсқаларға қатысты сақтық ескертулері Компания тарапынан іскерлік мақсатта қажетті көшірмелердің шектеулі саны қажет болған кезден басқа жағдайлар үшін үкімет жеке компаниялар тарапынан шығарылған құнды қағаздардың (акциялар, банкноталар, чектер, сыйлық сертификаттар, т.б.), жол жүру билеттерінің немесе купондық билеттердің көшірмелеріне немесе көбейтілген нұсқаларына қатысты сақ болу керектігі туралы ескертулерді таратты.
• Жад карталары • Пайдаланудан кейін жад карталары ыстық болуы мүмкін. Жад карталарын фотокамерадан шығарған кезде сақ болыңыз. • Пішімдеу кезінде немесе деректерді жазу, жою, я болмаса компьютерге немесе басқа құрылғыға көшіру кезінде келесі әрекеттерді орындамаңыз. Осы сақтық шараларын қолданбау деректердің жоғалуына, я болмаса фотокамераның немесе картаның зақымдалуына әкелуі мүмкін. - Жад карталарын шығармаңыз немесе салмаңыз. - Фотокамераны өшірмеңіз. - Батареяны шығармаңыз.
D Маңызды суреттерді түсіруден бұрын Маңызды оқиғаларда (үйлену тойлары сияқты жағдайларда немесе фотокамераны сапарға алудан бұрын) суреттерді түсіруден бұрын, фотокамера дұрыс жұмыс істеп тұрғанына көз жеткізу үшін суретті сынақ ретінде түсіріп көріңіз. Nikon компаниясы өнімнің дұрыс істемеуінен болған шығынға немесе жоғалған табыстарға жауап бермейді.
Фотокамераның бөліктері Фотокамера корпусы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 9 15 14 1 2 3 4 5 6 7 8 18 11 13 BKT түймешігі (D) WB түймешігі (U) Стерео микрофон Бейнефильмді жазу түймешігі Қуат ажыратқышы Ысырманы босату түймешігі ISO сезімталдық түймешігі (S) FORMAT түймешігі (Q) Экспозицияны реттеу түймешігі (E) Фотокамера корпусы 12 9 Фотокамера бауына арналған тесік 10 Үндеткіш 11 Фокустық жазықтық таңбасы (E) 12 Басқару панелі 13 Керек-жарақтарға арналған құрылғы (қосымша жарқыл бөлігі үшін) 14 MODE тү
1 2 3 8 9 10 11 4 12 13 14 15 5 7 6 16 1 АФ қосымша шамы 2 3 4 5 6 7 Қызыл көз әсерін азайту шамы Өздігінен түсіруді реттейтін таймер шамы Монитор режимі түймешігі (M) 10-өзекті қашықтан басқару жалғағышының қақпағы Микрофонның, құлаққаптың және HDMI жалғағыштарының қақпағы USB жалғағыш қақпағы Фокустау режимі түймешігі Объективті бекіту таңбасы 8 10-өзекті қашықтан басқару жалғағышы 9 Зарядтау шамы 10 Сыртқы микрофонға арналған жалғағыш 11 HDMI жалғағышы 12 Құлаққап жалғағышы 13 USB data жалғағ
7 6 5 4 3 2 1 1 Монитор 2 Окулярды босату 3 Жою түймешігі (O) FORMAT түймешігі (Q) 4 Қорғау түймешігі (g) Fn3 түймешігі (l) 20 Фотокамера корпусы 5 Резеңке көзүсті қалқан 6 Көріністапқыш 7 Көз сенсоры
123 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 1 Линза реттеу дөңгелекшесі 2 DISP түймешігі (d) 3 Фотосурет/бейнефильм 9 OK түймешігі (J) 10 Мульти селектор 11 Қарау кезінде ұлғайту 4 5 6 7 8 12 MENU түймешігі (G) 13 Ойнату түймешігі (K) 14 Ойнатуды кішірейту/ ауыстырғышы AF-ON түймешігі (B) Қосымша селектор Басты басқару дискі «i» түймешігі (i) Жад картасына қатынасу шамы түймешігі (X) нобайлар түймешігі (W) Анықтама түймешігі (Q) Фотокамера корпусы 21
1 11 2 3 4 10 9 5 8 6 7 1 2 3 4 5 6 7 22 Объективті босату түймешігі Объектив жиектемесі Микропроцессор түйіспелері Кескін сенсоры Штатив ұяшығы Батарея бөлімінің қақпағы Батарея бөлімі қақпағының ілмегі Фотокамера корпусы 8 Жад картасы ұяшығының қақпағы 9 Fn2 түймешігі (k) 10 Fn1 түймешігі (j) 11 Қосымша басқару дискі
Алғашқы қадамдар Бауды жалғау Бауды жалғау үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз.
Батареяны зарядтау Пайдалану алдында жинақтағы EN‑EL15c батареясын зарядтаңыз. D Сақтық ескерту: батарея және зарядтағыш «Қауіпсіздік шаралары» ( 0 8) бөліміндегі және «Фотокамераны және батареяны күту: сақтық ескертулер» ( 0 50) бөліміндегі ескертулер мен сақтық ескертулерді оқып шығып, ескеріңіз/ қолданыңыз. Зарядтау құрылғысы Елге немесе аймаққа байланысты, зарядтағыш айнымалы ток адаптерімен немесе қуат кабелімен бірге қамтамасыз етіледі.
• Таусылған батарея шамамен 2 сағат 35 минутта толығымен зарядталады. Батарея зарядталуда (жыпылықтайды) Зарядтау аяқталды (тұрақты) D CHARGE шамы тез жыпылықтаса CHARGE шамы тез жыпылықтаса (секундына 8 рет): • Батарея дұрыс салынбаған: зарядтағышты розеткадан ажыратып, алыңыз және батареяны қайта салыңыз. • Қоршаған орта температурасы тым ыстық немесе тым суық: зарядтау құрылғысын белгіленген температуралар ауқымында (0–40 °C) пайдаланыңыз.
Қосымша EH‑7P зарядтау айнымалы ток адаптерлері/ EH‑8P айнымалы ток адаптерлері: зарядтау Фотокамераға салынған кезде, батареяны қосымша EH-7P зарядтау айнымалы ток адаптері немесе EH‑8P айнымалы ток адаптері арқылы зарядтауға болады. • Таусылған батарея шамамен 2 сағат 40 минутта толығымен зарядталады. • Зарядтау аяқталғаннан кейін EH‑7P немесе EH‑8P айнымалы ток адаптерін розеткадан ажыратыңыз, содан кейін фотокамерадан ажыратыңыз.
EH‑8P айнымалы ток адаптерін пайдалану Қосымша UC‑E25 USB кабелін (екі соңында Type C жалғағыштары бар) EH‑8P айнымалы ток адаптеріне (q) қосыңыз. Фотокамера өшірулі екеніне көз жеткізгеннен кейін кабельдің екінші соңын фотокамераның USB Power Delivery жалғағышына (w) қосып, адаптерді розеткаға қосыңыз. Батарея фотокамера өшірулі кезде зарядталады. Салу және алу кезінде ашаны тік ұстаңыз. • Зарядтау орындалып жатқанда, фотокамераның зарядтау шамы (e) сары түспен жанып тұрады.
D Сақтық ескертулер: EH‑7P/EH‑8P • Кабель фотокамераның USB data жалғағышына қосылған болса, батарея зарядталмайды. • EH‑7P және EH‑8P айнымалы ток адаптерлерін тек EN‑EL15c және EN‑EL15b батареяларын зарядтау үшін пайдалануға болады. EN‑EL15a батареяларын MH‑25a зарядтау құрылғысын пайдаланып зарядтауға болады.
Кеңес: компьютердің USB порты арқылы қуатты жеткізу және батареяны зарядтау Компьютерлер тек компьютердегі кірістірілген Type C USB портына қосылған қосымша UC‑E25 USB кабелі (екі соңында Type C жалғағыштары бар) арқылы фотокамераға қуат беретін немесе батареяны зарядтайтын токты қамтамасыз етеді. • Жинақтағы UC‑E24 USB кабелін (ол фотокамераға Type C жалғағышы және USB құрылғыларына Type A жалғағышы арқылы қосылады) бұл мақсатта пайдалану мүмкін емес.
Батареяны салу • Батареяны салу немесе шығару алдында фотокамераны өшіріңіз. • Қызғылт сары батарея ілмегін бір жаққа басып тұру үшін батареяны пайдаланып, ілмек орнында құлыпталғанша батареяны батарея бөліміне сырғытыңыз. Батареяны алу Батареяны алу үшін фотокамераны өшіріңіз және батарея бөлімінің қақпағын ашыңыз. Батареяны босату үшін батарея ілмегін көрсеткі көрсеткен бағытта басыңыз, содан кейін батареяны қолмен алыңыз.
Батарея деңгейі • Батарея деңгейі фотокамера қосулы кезде түсіру режимінің дисплейінде және басқару панелінде көрсетіледі. Монитор Көріністапқыш Басқару панелі • Батарея деңгейі азайғанда, батарея деңгейінің дисплейі L, K, J, I және H аралығында өзгереді. Батарея деңгейі H деңгейіне түскенде, суретке түсіруді уақытша тоқтатыңыз және батареяны зарядтаңыз немесе қосалқы батареяны дайындаңыз. • Егер [Shutter release disabled. Recharge battery.] (Ысырманы босату өшірілген. Батареяны зарядтаңыз.
Жад карталарын салу Фотокамера екі жад картасы ұяшығымен жабдықталған: бір CFexpress немесе XQD жад картасын қабылдайтын ұяшық (q) және бір SD жад картасын қабылдайтын екінші ұяшық (w), жалпы екі карта, әр түрінен біреу. 128GB • Жад карталарын салу немесе шығару алдында фотокамераны өшіріңіз. • Жад картасын көрсетілген бағытта ұстап тұрып, орнына «шырт» етіп түскенше тікелей ұяшыққа сырғытыңыз.
Кеңес: қалған кадрлар саны • Түсіру режимінің дисплейі және басқару панелі ағымдағы параметрлерде түсіруге болатын фотосуреттер санын көрсетеді. • 1000-нан жоғары мәндер ең жақын жүздікке дейін дөңгелектенеді. Мысалы, 8000 мен 8099 арасындағы мәндер 8.0 k түрінде көрсетіледі. • Егер жад карталары салынбаған болса, [–E–] индикаторы көрсетіледі. Кеңес: жазудан қорғау ажыратқышы • SD жад карталары жазудан қорғау ажыратқышымен жабдықталған.
Жад картасына қатынасу шамы өшірулі екеніне көз жеткізгеннен кейін фотокамераны өшіріңіз, жад картасы ұяшығының қақпағын ашыңыз және шығару үшін картаны ішке басыңыз (q). Содан кейін картаны қолмен алуға болады (w). 128GB Жад карталарын алу D Жад картасының жоғары температурасы туралы ескерту Жад картасы ұяшығының қақпағының ішіндегі белгіде көрсетілгендей, фотокамераға салулы кезде жад карталары қызуы мүмкін.
Объективті жалғау • Фотокамераны Z бекіткіші бар объективтермен бірге пайдалануға болады. Объективтер туралы қосымша ақпаратты Nikon жүктеп алу орталығында қолжетімді объектив құжаттамасынан қараңыз. • Осы құжатта көрнекілік мақсатта негізінен NIKKOR Z 50mm f/1.8 S объективі пайдаланылады. • Фотокамераға шаңның енуін болдырмаңыз. • Объективті жалғау алдында фотокамера өшірулі екеніне көз жеткізіңіз. - Фотокамера корпусының қақпағын (q, w) және объективтің артқы қақпағын (e, r) алыңыз.
- Объективті орнына «шырт» етіп түскенше көрсетілгендей бұраңыз (u). • Суреттер түсіру алдында алдыңғы объектив қақпағын алыңыз. D F бекіткіші бар объективтер • F бекіткіші бар объективтерді пайдалану алдында FTZ II немесе FTZ орнату адаптерін (бөлек сатылады) фотокамераға жалғаңыз. • F бекіткіші бар объективтерді тікелей фотокамераға жалғауға әрекеттену объективті немесе кескін сенсорын зақымдауы мүмкін.
Фотокамераны реттеу Фотокамераны қосыңыз, тілді таңдаңыз және сағатты орнатыңыз. Фотокамераны бірінші рет пайдалану алдында, тіл мен уақыт белдеуін таңдау үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз және сіз түсіретін кез келген суреттерде дұрыс уақыт пен күн жазылуы үшін сағатты орнатыңыз. түймешігін басыңыз, баптау 1G мәзірінде [Language] (Тіл) параметрін белгілеңіз және 2 түймешігін басыңыз. 2 Тілді таңдаңыз.
4 Уақыт белдеуін таңдаңыз. • [Time zone and date] (Уақыт белдеуі және күн) дисплейінде [Time zone] (Уақыт белдеуі) параметрін таңдаңыз. • Дисплейде таңдалған аймақтағы таңдалған қалалар әрі таңдалған аймақтағы уақыт пен UTC арасындағы айырмашылық көрсетіледі. • [Time zone] (Уақыт белдеуі) дисплейінде уақыт белдеуін белгілеп, J түймешігін басыңыз. уақытты қосыңыз немесе 5 Жазғы өшіріңіз. • [Time zone and date] (Уақыт белдеуі және күн) дисплейінде [Daylight saving time] (Жазғы уақыт) параметрін таңдаңыз.
7 Күн пішімін таңдаңыз. • [Time zone and date] (Уақыт белдеуі және күн) дисплейінде [Date format] (Күн пішімі) параметрін таңдаңыз. • Қалаған күнді көрсету ретін (жыл, ай және күн) белгілеп, J түймешігін басыңыз. 8 Мәзірлерден шығыңыз. Суретке түсіру режиміне шығу үшін ысырманы босату түймешігін ақырын жартылай басыңыз. D t белгішесі Түсіру режимінің дисплейіндегі жыпылықтайтын t белгішесі фотокамера сағаты ысырылғанын көрсетеді.
Негізгі фотосурет түсіру және ойнату Фотосуреттер түсіру Фотосуреттер түсіруге қатысты негізгі қадамдар төменде сипатталған. D Жиналмалы жиектемелері бар объективтер Пайдалану алдында жиналмалы жиектемелері бар объективтерді ұзарту керек. Объектив ұзартылған күйіне «шырт» етіп орнына түскенше масштабтау сақинасын көрсетілгендей айналдырыңыз. режимін фотосурет/ 1 Фотосурет бейнефильм ауыстырғышын C күйіне айналдыру арқылы таңдаңыз.
2 Фотокамераны дайындаңыз. Тұтқаны оң қолыңызбен ұстап, сол қолыңызбен фотокамера корпусын немесе объективті ұстап, шынтақтарыңызды кеудеңіздің бүйірлеріне жақындатыңыз. Пейзаждық (кең) бағдар Портреттік (тік) бағдар 3 Фотосуретті жақтауға алыңыз. Негізгі нысанды кадрдың ортасына жақын орналастырыңыз.
үшін ысырманы босату 4 Фокустау түймешігін жартылай басыңыз (яғни, ысырманы босату түймешігін ақырын басып, жартылай басылған кезде тоқтаңыз). • Нысан фокуста болғанда, фокустау нүктесі жасыл түспен көрсетіледі. Егер фотокамера фокустай алмаса, фокустау нүктесі қызыл түспен жыпылықтайды. • Егер нысан нашар жарықтандырылған болса, фокустау әрекетіне көмектесу үшін АФ қосымша шамы жануы мүмкін. • Сондай-ақ AF-ON түймешігін басу арқылы фокустауға болады.
түсіру үшін ысырманы 5 Сурет босату түймешігінен саусағыңызды көтермей, түймешікті соңына дейін басыңыз. D Жад картасына қатынасу шамы Фотосурет жазылып жатқанда жад картасына қатынасу шамы жанып тұрады. Жад картасын немесе батареяны шығармаңыз. Кеңес: сенсорлы қосылатын ысырма Сондай-ақ мониторды түрту арқылы фотосурет түсіруге болады. Фокустау үшін нысанды түртіңіз және ысырманы босату үшін саусақты көтеріңіз.
Бейнефильмдер жазу Бейнефильмдер жазуға қатысты негізгі қадамдар төменде сипатталған. режимін фотосурет/ 1 Бейне бейнефильм ауыстырғышын 1 күйіне айналдыру арқылы таңдаңыз. Фотокамера бейне режимінде болғанда қосымша жарқыл бөліктерін пайдалану мүмкін емес екенін ескеріңіз. бастау үшін бейнефильмді 2 Жазуды жазу түймешігін басыңыз. • Жазу индикаторы көрсетіледі және түсіру режимінің дисплейінің жиектері қызыл түске айналады.
• Жазу кезінде AF-ON түймешігін басу арқылы фотокамераны қайта фокустауға болады. • Дыбыс кірістірілген микрофон арқылы жазылады. Жазу кезінде микрофонды жаппаңыз. • Сондай-ақ мониторда нысанды нұқу арқылы фокустауға болады. аяқтау үшін бейнефильмді жазу түймешігін 3 Жазуды қайтадан басыңыз. D Жад картасына қатынасу шамы Бейнефильм жазылып жатқанда жад картасына қатынасу шамы жанып тұрады. Жад картасын немесе батареяны шығармаңыз.
D Сақтық ескертулер: бейнефильмдер жазу • Бейнефильм жазу мына жағдайларда автоматты түрде аяқталады: - максималды ұзақтыққа жеткенде, - батарея таусылғанда, - сіз басқа суретке түсіру режимін таңдасаңыз, - фотосурет/бейнефильм ауыстырғышын пайдаланып режимдерді ауыстырсаңыз, - объективті алғанда немесе - фотокамераның ішкі температурасы көтерілгенде.
Ойнату Суретке түсіруден кейін фотосуреттер мен бейнелерді мониторда немесе көріністапқышта көру үшін K түймешігін басыңыз. • Қосымша суреттерді көру үшін 4 немесе 2 түймешігін басыңыз я болмаса солға немесе оңға қарай шертіңіз. • Бейнефильмдер дисплейдің жоғарғы сол жақ бұрышындағы 1 белгішесі арқылы көрсетіледі. Ойнатуды бастау үшін дисплейде a белгішесін түртіңіз немесе J түймешігін басыңыз. • Ойнатуды аяқтап, суретке түсіру режиміне оралу үшін ысырманы босату түймешігін жартылай басыңыз.
Ақауларды жою Тұтынушыларды қолдау қызметіне хабарласу алдында Төмендегі қадамдарды орындау арқылы сіз фотокамерадағы кез келген мәселелерді шеше алуыңыз мүмкін. Дүкеннен немесе Nikon компаниясының қызмет көрсету өкілінен кеңес алу алдында осы тізімді тексеріңіз. 48 1 Жиі кездесетін мәселелердің тізімін қараңыз. Жиі кездесетін мәселелер мен шешімдер Анықтамалық нұсқаулық құжатының ақаулықтарды жою бөлімінде тізілген.
Техникалық ескертпелер Фотокамераны күту Ұзақ мерзім бойы сақтау Өнім ұзақ кезең бойы пайдаланылмайтын болса, батареяны алыңыз. Батареяны шығару алдында фотокамераның өшірулі екеніне көз жеткізіңіз. Фотокамераны мынадай жерлерде сақтамаңыз: • нашар желдетілетін немесе 60%-дан астам ылғалдылық әсер ететін жерлерде, • теледидарлар немесе радиолар сияқты күшті электрмагниттік өрістерді тудыратын жабдық жанындағы жерлерде немесе • 50 °C-тан асатын немесе −20 °C-тан төмен температуралар әсер ететін жерлерде.
Фотокамераны және батареяны күту: сақтық ескертулер Сақтық ескертулер: фотокамераны пайдалану • Түсіріп алмаңыз Фотокамераны немесе объективті түсіріп алмаңыз, я болмаса оларға соққылардың әсерін тигізбеңіз. Күшті соққыларға немесе дірілге ұшыраған жағдайда өнім дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін. • Құрғақ күйде ұстаңыз Фотокамераны құрғақ күйде ұстаңыз.
• Лазерлер және басқа қатты жарық көздері Лазерлерді немесе басқа өте қатты жарық көздерін объективке бағыттамаңыз, өйткені бұл фотокамераның кескін сенсорына зиян тигізуі мүмкін. • Тазалау Фотокамера корпусын тазалағанда, шаң мен қылшықтарды ақырын кетіру үшін ауа үргішті пайдаланыңыз, содан кейін жұмсақ, құрғақ шүберекпен ақырын сүртіңіз.
• Сенсор қорғағышына тимеңіз Баптау мәзірінде [Sensor shield behavior at power off] (Қуат өшкен кездегі сенсор қорғағышының әрекеті) үшін [Sensor shield closes] (Сенсор қорғағышы жабылады) таңдалса, кескін сенсорының алдындағы сенсор қорғағышы фотокамера өшкенде жабылады. Сенсор қорғағышын ешқашан теспеңіз немесе оған қысым қолданбаңыз. Бұл сақтық шарасын қолданбау қорғағышқа сызат түсіруі немесе оны басқалай зақымдауы мүмкін. • Объектив түйіспелері Объектив түйіспелерін таза ұстаңыз.
• Қуат көзін алу немесе ажырату алдында өнімді өшіріңіз Фотокамера қосулы кезде қуат көзін алу немесе ажырату өнімді зақымдауы мүмкін. Суреттер жазылып немесе жойылып жатқанда қуат көзін алмауға немесе ажыратпауға ерекше көңіл бөлу керек. • Монитор/көріністапқыш • Мониторлар және көріністапқыш өте жоғары дәлдікпен құрастырылады; нүктелердің кемінде 99,99% жұмыс істейді, жоқ немесе ақаулы нүктелер 0,01%-дан аспайды.
• Қатты жарықтар және артқы жағы жарықтандырылған нысандар Сызықтар түріндегі бұрмалану сирек жағдайларда қатты жарықтарды немесе артқы жағы жарықтандырылған нысандарды қамтитын суреттерде пайда болуы мүмкін.
Сақтық ескертулер: батареяларды пайдалану • Пайдалануға қатысты сақтық шаралары • Дұрыс пайдаланбаған жағдайда, батареялар жарылып немесе ағып, бұл өнімнің коррозиясына әкелуі мүмкін. Батареяларды пайдаланғанда келесі сақтық шараларын қолданыңыз: - Батареяны ауыстыру алдында өнімді өшіріңіз. - Ұзақ пайдаланудан кейін батареялар ыстық болуы мүмкін. - Батареяның түйіспе тұстарын таза ұстаңыз. - Тек осы жабдықта пайдалануға мақұлданған батареяларды пайдаланыңыз.
• Пайдаланбаған кезде, батареяны фотокамерадан немесе зарядтағыштан шығарыңыз. Фотокамера мен зарядтағыш тіпті өшірулі кезде де зарядтың шағын мөлшерін алады және батареяны жұмыс істемей қалатын деңгейге дейін тауысуы мүмкін. • Батареяны −10 °C-тан төмен немесе 40 °C-тан жоғары қоршаған орта температураларында пайдаланбаңыз. Бұл сақтық шарасын қолданбау батареяны зақымдауы немесе оның өнімділігін төмендетуі мүмкін. Батареяны іште, 5 °C–35 °C қоршаған орта температураларында зарядтаңыз.
• Пайдалану алдында батареяларды зарядтау Пайдалану алдында батареяны зарядтаңыз. Жинақтағы батарея жөнелткенде толығымен зарядталған болмайды. • Қосалқы батареяларды дайындаңыз Фотосуреттер түсіру алдында қосалқы батареяны дайындаңыз және толығымен зарядталған күйде ұстаңыз. Орналасқан жеріңізге байланысты ауыстыруға арналған батареяларды қысқа мерзімде сатып алу қиын болуы мүмкін.
Сақтық ескертулер: зарядтағышты пайдалану • Зарядтау кезінде зарядтағышты жылжытпаңыз немесе батареяны ұстамаңыз; бұл сақтық шарасын қолданбау өте сирек жағдайларда батарея тек ішінара зарядталғанда зарядтағыштың зарядтау аяқталғанын көрсетуіне әкелуі мүмкін. Зарядтауды қайтадан бастау үшін батареяны шығарып, қайта салыңыз. • Зарядтағыштың түйіспе тұстарын қысқа тұйықтамаңыз. Бұл сақтық шарасын қолданбау қызып кетуге әкелуі және зарядтағышты зақымдауы мүмкін.
Сауда белгілері және лицензиялар • CFexpress — CompactFlash Association компаниясының Америка Құрама Штаттарындағы және басқа елдердегі сауда белгісі. • NVM Express — NVM Express Inc компаниясының сауда белгісі немесе тіркелген сауда белгісі. • XQD — Sony Corporation компаниясының сауда белгісі. • SD, SDHC және SDXC логотиптері SD-3C, LLC компаниясының сауда белгілері болып табылады.
• Bluetooth® сөз белгісі және логотипі Bluetooth SIG, Inc. иелігіндегі тіркелген сауда белгілері болып табылады және Nikon мұндай белгілерді тек лицензия бойынша пайдаланады. • Wi-Fi және Wi-Fi логотипі — Wi-Fi Alliance ұйымының сауда белгілері немесе тіркелген сауда белгілері. • Powered by intoPIX technology. • Nikon өнімімен бірге қамтамасыз етілген осы құжатта немесе басқа құжаттамада аталған барлық басқа сауда белгілері тиісті иелерінің сауда белгілері немесе тіркелген сауда белгілері болып табылады.
Ескертпелер • Еуропадағы тұтынушыларға арналған ескертпелер САҚ БОЛЫҢЫЗ: ЕГЕР БАТАРЕЯ ЖАРАМСЫЗ ТҮРІМЕН АУЫСТЫРЫЛҒАН БОЛСА, ЖАРЫЛЫС ҚАУПІ БОЛАДЫ. ҚОЛДАНЫЛҒАН БАТАРЕЯЛАРДЫ НҰСҚАУЛАРҒА СӘЙКЕС ЛАҚТЫРЫҢЫЗ. Бұл таңба электр және электрондық жабдықтардың бөлек жиналуы керектігін білдіреді. Төмендегі тек Еуропа елдеріндегі пайдаланушыларға қолданылады: • Бұл өнім тиісті жинау нүктесінде бөлек жинау үшін арналған. Тұрмыстық қоқыс ретінде лақтырмаңыз.
Bluetooth және Wi-Fi (сымсыз жергілікті желі) Бұл өнімді Америка Құрама Штаттарының экспортты басқару туралы ережелері (EAR) бақылайды. Осы мәтін жазылып жатқанда эмбарго немесе арнайы ережелер қолданылған келесі елдерден басқа елдер үшін экспорттау үшін Америка Құрама Штаттары үкіметінің рұқсаты қажет емес: Куба, Иран, Солтүстік Корея, Судан және Сирия (тізім өзгертілуі мүмкін). Кейбір елдерде немесе аймақтарда сымсыз құрылғыларды пайдалануға тыйым салынуы мүмкін.
• Еуропадағы және радио жабдықтар туралы директива талаптарын сақтайтын елдердегі тұтынушыларға арналған ескерту Осымен, Nikon Corporation Z 8 деген радиожабдық түрі 2014/53/EU директивасының талаптарына сай екенін жариялайды. ЕО сəйкестік декларациясының толық мәтіні келесі интернет мекенжайында қолжетімді: https://imaging.nikon.com/support/pdf/DoC_N2120.pdf Осы радиожабдыққа арналған 5150–5350 МГц диапазоны ғимарат ішіндегі жұмыстарға ғана шектелген.
- Азия (Түркия, Қазақстан, Тайвань, Бангладеш, Пәкістан және Үндістаннан басқалары) және Жаңа Каледония: 2412– 2462 МГц (11‑арна) және 5745–5805 МГц - Үндістан: 2412–2472 МГц (13‑арна) және 5180–5825 МГц (5180–5320 МГц және 5745–5825 МГц) - Африка, Таяу Шығыс (Израильден басқалары), Тайвань, Бангладеш, Пәкістан және Боливия: 2412–2462 МГц (11‑арна) • Ең көп шығыс қуат (EIRP): - 2,4 ГГц диапазоны: 1,4 дБм - 5 ГГц диапазоны (5180–5320 МГц): 10,8 дБм - 5 ГГц диапазоны (5500–5825 МГц): 7,8 дБм Bluetooth • Жұмыс
• Қауіпсіздік Бұл өнімнің артықшылықтарының бірі басқаларға өз ауқымында кез келген жерде деректерді сымсыз алмасу үшін еркін қосылуға мүмкіндік беретіні болғанымен, қауіпсіздік қосылмаған болса, төмендегі жағдайлар орын алуы мүмкін: • Деректердің ұрлануы: зиянкес үшінші тараптар сымсыз тасымалданатын деректерді ұстап, пайдаланушы идентификаторларын, құпия сөздерін және басқа жеке ақпаратты ұрлауы мүмкін.
Кеден Одағының мәлімдемесі (декларация) үшін ақпарат/ сертификат Шығарылған күні: Қолданушы нұсқаулығының артқы мұқабасын қараңыз Z8 Өндіруші: “Никон Корпорейшн”, Шинагава Интерсити, Башня “C”, 2-15-3, Конан, Минато-ку, Токио 108-6290, Жапония Импортер: Ж ШС "Никон", Мекен жайы: 123242, Ресей, Мəскеу, Пресненский муниципалды округі, Новинский бульвары, 31 үй, 1 қабат, 77 бөлме Шығарушы ел: Таиланд 66 Bluetooth және Wi-Fi (сымсыз жергілікті желі)
Кепілдік шарттары - Еуропа еліндеріндегі Nikon Europe Service Warranty кепілдігі Құрметті Nikon компаниясының тұтынушысы! Nikon өнімін сатып алғаныңыз үшін рақмет.Nikon өніміне кепілдік бойынша қызмет көрсету қажет болса, оны сатып алған дилермен немесе Nikon Europe B.V. сату аумағындағы (мысалы, Еуропа/ Ресей/басқалар) өкілетті қызмет көрсету желісіндегі мүшемен хабарласыңыз. Мәліметтерді мына беттен қараңыз: https://www.europe-nikon.
2. Бұл кепілдікте төмендегілер көрсетіледі: • қалыпты жағдайда тозуына байланысты бөлшектерге қажетті түрде техникалық қызмет көрсету және жөндеу немесе ауыстыру. • пайдаланушы нұсқауларында сипатталғандай, Nikon компаниясының жазбаша келісімінсіз, өнімнің қалыпты күйін жаңарту үшін өзгерту. • тасымалдау шығындары және өнімдердің кепілдігімен тікелей немесе жанама байланысты тасымалдаудың барлық қауіптері.
4. Бұл қызмет көрсету жөніндегі кепілдік заңдық күші бар тиісті ұлттық заңдарға сәйкес тұтынушының заңдық құқықтарына да, сату/сатып алу жөнінде келісім-шарттың негізінде дилерге қарсы келетін тұтынушының құқықтарына да әсер етпейді. Ескерту: Nikon компаниясының барлық өкілетті қызмет керсету орталықтарын осы сілтемеге өту арқылы қарап шығуға болады (URL = https://www.europe-nikon.com/service/).
NIKON CORPORATION компаниясының жазбаша рұқсатынсыз бұл құжаттың ешбір түрдегі толық немесе ішінара (маңызды мақалаларда немесе шолуларда қысқаша дәйексөз келтіруді қоспағанда) репродукциясын жасауға болмайды. Қоршаған ортаға алаңдауы себепті Nikon компаниясы қағазды пайдалануын азайту үшін жұмыс істеуде.