Қолданушы нұсқаулығы
37
Фотокамераны және батареяны күту: сақтық ескертулер
Батареяны күту
●
Пайдалануға қатысты сақтық шаралары
•
Дұрыс пайдаланбаған жағдайда, батареялар жарылып немесе
ағып, бұл өнімнің коррозиясына әкелуі мүмкін. Батареяларды
пайдаланғанда келесі сақтық шараларын қолданыңыз:
- Батареяны ауыстыру алдында өнімді өшіріңіз.
- Ұзақ пайдаланудан кейін батареялар ыстық болуы мүмкін.
- Батареяның түйіспе тұстарын таза ұстаңыз.
- Тек осы жабдықта пайдалануға мақұлданған батареяларды
пайдаланыңыз.
- Батареяларды қысқа тұйықтамаңыз немесе бөлшектемеңіз, я
болмаса жалын немесе шамадан тыс қызу әсерін тигізбеңіз.
- Батарея фотокамераға немесе зарядтағышқа салынбаған
кезде, түйіспе тұс қақпағын қайта орнатыңыз.
•
Батарея ыстық болса, мысалы, пайдаланудан кейін бірден,
зарядтау алдында оның салқындауын күтіңіз. Батареяны ішкі
температурасы көтерілген кезде зарядтауға әрекеттену
батареяның өнімділігіне төмендетеді және батарея
зарядталмауы немесе тек ішінара зарядталуы мүмкін.
•
Батарея ұзақ уақыт бойы пайдаланылмайтын болса, сақтау
үшін фотокамерадан шығару алдында оны фотокамераға
салыңыз және таусылғанша пайдаланыңыз. Батареяны
қоршаған орта температурасы 15 °C–25 °C, салқын, құрғақ
жерде сақтау керек. Ыстық немесе өте салқын жерлерде
сақтамаңыз.
•
Батареяларды пайдаланудың алты айы ішінде зарядтау керек.
Ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаса, сақтау үшін салқын жерге
қайтару алдында алты ай сайын бір рет батареяны зарядтаңыз
және фотокамераны батарея заряды таусылғанша
пайдаланыңыз.
•
Пайдаланбаған кезде, батареяны фотокамерадан немесе
зарядтағыштан шығарыңыз. Фотокамера мен зарядтағыш тіпті
өшірулі кезде де зарядтың шағын мөлшерін алады және
батареяны жұмыс істемей қалатын деңгейге дейін тауысуы
мүмкін.