Қолданушы нұсқаулығы
35
Фотокамераны және батареяны күту: сақтық ескертулер
●
Монитор/көріністапқыш
•
Мониторлар (оның ішінде көріністапқыш) өте жоғары дәлдікпен
құрастырылады; нүктелердің кемінде 99,99% жұмыс істейді,
жоқ немесе ақаулы нүктелер 0,01%-дан аспайды. Сондықтан,
бұл дисплейлерде әрдайым жанып тұратын (ақ, қызыл, көк
немесе жасыл) немесе әрқашан өшірулі болатын (қара)
нүктелер болуы мүмкін, бұл ақаулық емес. Құрылғымен
жазылған кескіндерге әсер етілмейді. Түсінуіңізді сұраймыз.
•
Монитордағы кескіндерді қатты жарықта көру қиын болуы
мүмкін.
•
Мониторға қысым қолданбаңыз. Монитор дұрыс жұмыс істемеуі
немесе зақымдалуы мүмкін. Монитордағы шаңды немесе
қылшықтарды ауа үргішпен кетіруге болады. Дақтарды
мониторды жұмсақ шүберекпен немесе күдері былғарымен
ақырын сүрту арқылы кетіруге болады. Монитор бұзылса,
сынған әйнектен жарақаттанудан сақтану керек. Монитордағы
сұйық кристалдың теріге тиюінен, көзге немесе ауызға кіруінен
сақтаныңыз.
•
Көріністапқышта кадрларды жақтауға алу кезінде келесі
белгілердің кез-келгеніне тап болсаңыз, күйіңіз жақсарғанша
пайдалануды тоқтатыңыз:
- жүрек айнуы, көздің ауыруы, көздің шаршауы,
- бас айналу, бас ауыруы, мойынның немесе иықтардың
тырысуы,
- әлсіздену немесе қол-көз координациясын жоғалту, я болмаса
- теңіз ауруы.
•
Қатарынан түсіру режимінде фотосурет түсіру кезінде дисплей
тез жыпылықтап, қосылуы және өшуі мүмкін. Жыпылықтап
жатқан дисплейге қарау өзіңізді нашар сезінуге әкелуі мүмкін.
Күйіңіз жақсарғанша пайдалануды тоқтатыңыз.
●
Қатты жарықтар және артқы жағы жарықтандырылған
нысандар
Сызықтар түріндегі бұрмалану сирек жағдайларда қатты
жарықтарды немесе артқы жағы жарықтандырылған нысандарды
қамтитын суреттерде пайда болуы мүмкін.