Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)

Table Of Contents
Мониторда немесе көріністапқышта жоғары температура туралы
ескерт
у көрсетілгенде жад картасын ұстамаңыз.
Жад картасы ыстық болады, бұл күйіктерге әкелуі немесе шығарып жатқанда,
картаның түсіп қалып, зақымдалуына әкелуі мүмкін.
САҚТЫҚ ЕСКЕРТУ
Объективті күнге немесе басқа қатты жарық көздеріне қаратып қалдырмаңыз.
Объектив фоку
стаған жарық өртке әкелуі немесе өнімнің ішкі бөліктерін зақымдауы мүмкін.
Артқы жағы жанып тұрған нысандарды суретке түсіргенде күнді кадрдан тыс ұстаңыз. Күн
кадрға жақын кезде фотокамерада фокусталған күн жарығы өрт тудыруы мүмкін.
Пайдалану тыйым салынған кезде бұл өнімді өшіріңіз. Сымсыз жабдықты пайдалануға
тыйым салынған кезде сымсыз мүмкіндіктерді өшіріңіз.
Бұл өнім тудыратын радиожиілікті сәулеленулер ұшақтағы, я болмаса, ауруханалардағы немесе
басқа медициналық мекемелердегі жабдыққа кедергілер келтіруі мүмкін.
Бұл өнім ұзақ уақыт бойы пайдаланылмайтын болса, батареяны алыңыз және
айнымалы ток адаптерін ажыр
атыңыз.
Бұл сақтық шарасын қолданбау өртке немесе өнім ақаулығына әкелуі мүмкін.
Жарқылды теріге немесе заттарға тигізіп тұрып немесе жақындатып жақпаңыз.
Бұл сақтық шарасын қолданбау күйіктерге немесе өртке әкелуі мүмкін.
Өнімді ұзақ уақыт бойы өте жоғары температуралар әсер ететін жерде қалдырмаңыз,
мысалы, жабық автокөлікте немесе тік күн сәулелерінің астында.
Бұл сақтық шарасын қолданбау өртке немесе өнім ақаулығына әкелуі мүмкін.
Тікелей АФ қосымша шамына қарамаңыз.
Бұл сақтық шарасын қолданбау көруге к
ері әсер етуі мүмкін.
Фотокамераларды немесе объективтерді штативтер немесе ұқсас керек-жарақтар
жалғанған күйде тасымалдамаңыз.
Бұл сақтық шарасын қолданбау жарақатқа немесе өнім ақаулығына әкелуі мүмкін.
26
Қауіпсіздік шаралары