Қолданушы нұсқаулығы

Table Of Contents
55
Кепілдік шарттары - Еуропа еліндеріндегі Nikon Europe Service Warranty кепілдігі
Құрметті Nikon компаниясының тұтынушысы!
Nikon өнімін сатып алғаныңыз үшін рақмет.Nikon өніміне
кепілдік бойынша қызмет көрсету қажет болса, оны сатып алған
дилермен немесе Nikon Europe B.V. сату аумағындағы
(мысалы, Еуропа/Ресей/басқалар) өкілетті қызмет көрсету
желісіндегі мүшемен хабарласыңыз. Мәліметтерді мына беттен
қараңыз:
https://www.europe-nikon.com/support
Қажетсіз ыңғайсыздықтарды алдын алу үшін дилермен немесе
өкілетті қызмет көрсету желісімен хабарласудан бұрын
пайдаланушы нұсқаулықтарын мұқ
ият оқып шығуға кеңес
береміз.
Nikon жабдығына бастапқы сатып алған күннен бастап бір
жылға қандай да бір өндірістік ақауларға кепілдік беріледі.
Кепілдік берілген осы мерзім ішінде өнім нашар материалға
немесе жасалу сапасына байланысты істен шығатын болса,
Nikon Europe B.V. сату аумағындағы біздің өкілетті қызмет
көрсету желісіміз төменде көрсетілген шарттар мен талаптарға
сәйкес жұмысы және бөлшектері үшін ақы
алмай, өнімді
жөндейді. Nikon компаниясы өнімді ауыстыру немесе жөндеу
құқығын (өзінің қарауына) өзінде қалдырады.
1. Бұл кепілдік сатып алынған күнді, өнім түрін және дилердің
аты-жөнін көрсететін дайын кепілдік талоны және бастапқы
есепшот немесе сатып алғандығын дәлелдейтін түбіртектің
негізінде ғана беріледі; өніммен бірге Nikon компаниясы
жоғарыда айтылған құжаттар көрсетілмесе немес
е оның
ішінде мәліметтер толық болмаса немесе оқуға түсініксіз
болса, кепілдік бойынша тегін қызмет көрсетуден бас тарту
құқығын сақтайды.
Кепілдік шарттары - Еуропа
еліндеріндегі Nikon Europe Service
Warranty кепілдігі