Қолданушы нұсқаулығы

Table Of Contents
vi
Осы нұсқаулық туралы
❚❚
Таңбалар
Бұл нұсқаулықта келесі таңбалар мен шартты белгілер
пайдаланылады. Оларды қажет ақпаратты табу үшін
пайдаланыңыз.
❚❚
Шартты белгілер
Бұл нұсқаулық Z 7II және Z 6II екеуімен де бірге
пайдалануға арналған. Иллюстрацияларда Z 6II
көрсетілген.
Бұл фотокамерада CFexpress (Type B), XQD, SD, SDHC
және SDXC жад карталары пайдаланылады. Барлық
түрлерге жататын жад карталары осы нұсқаулықта «жад
карталары» деп аталады. Түрлерді ажырату қажет
болған жағдайда «CFexpress жад картасы», «XQD жад
картасы» және «SD жад картасы» терминдерін
пайдалануға болады.
Осы нұсқаулықта зарядтау құрылғылары «зарядтау
құрылғылары» немесе «зарядтағыштар» деп аталады.
Бұл нұсқаулықта суретке түсіру кезінде фотокамера
мониторындағы және көріністапқыштағы дисплей «түсіру
режимінің дисплейі» деп аталады; жағдайлардың
көпшілігінде суреттер мониторды көрсетеді.
Осы нұсқаулықта смартфондар мен планшеттер «смарт
құрылғылар» деп аталады.
Осы нұсқаулықта «әдепкі параметрлер» термині жөнелту
кезінде қолданылған параметрлерді білдіру үшін
пайдаланылады. Бұл нұсқаулықтағы түсіндірмелерде
әдепкі параметрлер пайдаланылған деп есептеледі.
Осы нұсқаулық туралы
D
Бұл белгіше ескертпелерді белгілейді; осы өнімді
пайдаланудың алдында оқылуы тиіс ақпарат.
A
Бұл белгіше кеңестерді, осы өнімді пайдаланғанда сізге
пайдалы болуы мүмкін қосымша ақпаратты белгілейді.
0
Бұл белгіше осы нұсқаулықтың өзге бөлімдеріне
жасалған сілтемелерді белгілейді.