Желі нұсқаулығы
iv
Бұл нұсқаулық негізінен фотокамераның кірістірілген Wi-Fi адаптерін
пайдаланып сымсыз жергілікті желіге (LAN) қосылу жолын жəне қосылғаннан
кейін желілік мүмкіндіктерді пайдалану жолын сипаттауға арналған. Осы
нұсқаулық пен фотокамера нұсқаулығын мұқият оқып шығып, өнімді
пайдаланатын барлық адамдар оқи алатын жерде сақтаңыз. Бұл нұсқаулық
зақымдалудан оқылмай қалса, ауыстыруға арналған көшірмені (pdf) Nikon
жүктеп алулар орталығынан жүктеп алуға болады.
Таңбалар мен шартты белгілер
Қажетті ақпаратты табуды жеңілдету үшін келесі таңбалар мен шартты
белгілер пайдаланылады:
Фотокамера мониторында көрсетілетін мəзір элементтері, параметрлер жəне
хабарлар қалың əріппен көрсетіледі.
Бұл нұсқаулықтар смартфондар мен планшеттер «смарт құрылғылар» жəне
фотокамера пайдаланатын XQD жад карталары «жад карталары» деп
аталады.
Фотокамера параметрлері
Бұл нұсқаулықтағы түсіндірмелерде əдепкі параметрлер пайдаланылады деп
есептеледі.
Иллюстрациялар
Бұл нұсқаулықта көрсетілген бағдарламалық жасақтаманың жəне
операциялық жүйенің диалогтық терезелері, хабарлары жəне дисплейлері
пайдаланылатын операциялық жүйеге қарай өзгеріп отыруы мүмкін.
Компьютердегі негізгі əрекеттерді компьютермен немесе операциялық
жүйемен бірге қамтамасыз етілген құжаттамада қараңыз.
Осы нұсқаулық туралы
D
Бұл белгіше ескертпелерді белгілейді; осы өнімді пайдалану
алдында оқу керек ақпарат.
A
Бұл белгіше осы өнімді пайдаланғанда пайдалы болуы мүмкін
кеңестерді, қосымша ақпаратты белгілейді.
0
Бұл белгіше осы нұсқаулықтағы басқа бөлімдерге сілтемелерді
белгілейді.