Желі нұсқаулығы • Фотокамераны пайдалану алдында осы нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз. • Осы нұсқаулықты оқығаннан кейін болашақта анықтама алу үшін оңай қол жеткізуге болатын жерде сақтаңыз.
3 түрлі нұсқаулықтан таңдаңыз. Сымсыз байланыстар туралы ақпарат алу үшін мынаны оқыңыз: Желі нұсқаулығы (осы нұсқаулық) Фотокамераны компьютерге, я болмаса смартфон немесе планшет сияқты смарт құрылғыға қосу үшін Wi-Fi немесе Bluetooth функциясын пайдалану жолын біліңіз. • • Сондай-ақ WT-7 сымсыз таратқышын пайдаланып орындауға болатын тапсырмалар сияқты тақырыптар туралы ақпарат қосылған.
Фотокамера жұмысының барлық аспектілері туралы нұсқаулық керек болса, мынаны оқыңыз: Анықтамалық нұсқаулық (pdf) Фотокамерамен бірге қамтамасыз етілген Қолданушы нұсқаулығында қарастырылған материалға қоса, Анықтамалық нұсқаулықта фотокамера мəзірлерінде қолжетімді параметрлер туралы мəліметтер берілген жəне фотокамераны басқа құрылғыларға қосу сияқты тақырыптар қарастырылған.
Осы нұсқаулық туралы Бұл нұсқаулық негізінен фотокамераның кірістірілген Wi-Fi адаптерін пайдаланып сымсыз жергілікті желіге (LAN) қосылу жолын жəне қосылғаннан кейін желілік мүмкіндіктерді пайдалану жолын сипаттауға арналған. Осы нұсқаулық пен фотокамера нұсқаулығын мұқият оқып шығып, өнімді пайдаланатын барлық адамдар оқи алатын жерде сақтаңыз. Бұл нұсқаулық зақымдалудан оқылмай қалса, ауыстыруға арналған көшірмені (pdf) Nikon жүктеп алулар орталығынан жүктеп алуға болады.
Фотокамераның жəне желінің жүйелік кестесі Төменде фотокамерада жəне қосымша керек-жарақтарда қолжетімді желілік байланыс түрлері көрсетілген. Бұл нұсқаулықта компьютерлерге қосылу қарастырылады; WT-7 сымсыз таратқышын пайдаланып желілерге қосылу туралы ақпаратты WT-7 сымсыз таратқышымен бірге қамтамасыз етілген нұсқаулықта қараңыз.
Желілер сіз үшін не істей алады Фотокамера компьютерлермен, смартфондармен, планшеттермен жəне басқа құрылғылармен желілік байланыстарды қолдайды. Қосылғаннан кейін суреттерді жүктеп салуға немесе фотокамераны қашықтан басқаруға болады. Суреттерді компьютерге жүктеп салғыңыз келе ме? …содан кейін Wi-Fi желісіне қосылыңыз (0 1) Фотокамераның кірістірілген сымсыз LAN (Wi-Fi) адаптерін пайдаланып фотосуреттер мен бейнефильмдерді жүктеп салу үшін компьютерлерге қосылуға болады.
Суреттерді жүктеп алу немесе фотокамераны смарт құрылғыдан басқару керек пе? …содан кейін SnapBridge қолданбасын пайдаланып қосылыңыз (0 18) Смартфонда немесе планшетте (смарт құрылғы) SnapBridge қолданбасын орнатыңыз жəне фотокамераға Bluetooth немесе Wi-Fi арқылы қосылыңыз.
Ескертпелер • Nikon компаниясының алдын-ала • Nikon компаниясы осы өнімді жазбаша рұқсатынсыз бұл пайдаланудан болған қандай да бір нұсқаулықтың ешбір бөлігін ешбір зақымға жауап бермейді. түрде, ешбір əдіспен көшірмелеуге, • Бұл нұсқаулықтағы ақпараттың дəл тасымалдауға, транскрипциялауға, жəне толық болуын қамтамасыз шығарып алу жүйесінде сақтауға етуге бар күшімізді салғанымызбен, немесе аударуға болмайды.
Көшіруге немесе көбейтуге тыйым салуға қатысты ескерту Сканер, сандық фотокамера немесе өзге құрылғы көмегімен сандық тұрғыдан көшірілген немесе көбейтілген материалға иелік етудің өзі заң тарапынан қудалануы мүмкіндігін ескеріңіз. • Заң бойынша көшіруге немесе көбейтуге тыйым салынған нəрселер «Үлгі» деген таңбасы болғанның өзінде қағаз ақшаның, тиындардың, құнды қағаздардың, үкіметтік құнды қағаздардың немесе жергілікті үкіметтің құнды қағаздарының көшірмесін немесе көбейтілген нұсқаларын жасамаңыз.
Мазмұны Осы нұсқаулық туралы..................................................................iv Фотокамераның жəне желінің жүйелік кестесі ...........................v Желілер сіз үшін не істей алады ..................................................vi Ескертпелер ...................................................................................viii Компьютерлерге Wi-Fi арқылы қосылу 1 Wi-Fi сіз үшін не істей алады .........................................................
Желілерге WT-7 арқылы қосылу 37 WT-7 сіз үшін не істей алады .......................................................38 WT-7 арқылы қосылу ....................................................................39 Мəзір нұсқаулығы 40 Connect to smart device (Смарт құрылғыға қосылу)................40 Pairing (Bluetooth) (Жұптастыру (Bluetooth))........................................ 40 Select to send (Bluetooth) (Жіберу үшін таңдау (Bluetooth))................ 41 Wi-Fi connection (Wi-Fi байланысы) .........
D Өмір бойы білім алу ұстанымы Nikon компаниясының өнімге қолдау көрсету жəне үйренуге бағытталған «өмір бойы білім алу» ұстанымы аясында, үнемі жаңартылып тұратын мəліметті онлайн режимде келесі сайттардан алуға болады: • АҚШ-тағы қолданушылар үшін: https://www.nikonusa.com/ • Еуропа жəне Африкадағы қолданушылар үшін: https://www.europe-nikon.com/support/ • Азия, Океания жəне Таяу Шығыстағы қолданушылар үшін: https://www.nikon-asia.
Компьютерлерге Wi-Fi арқылы қосылу Бұл тарауда фотокамераның кірістірілген Wi-Fi адаптерін пайдаланып компьютерге қосылу жолы сипатталған. Wi-Fi сіз үшін не істей алады Таңдалған суреттерді компьютерге жүктеп салу үшін Wi-Fi арқылы қосылыңыз. Wireless Transmitter Utility Фотокамераны қосылу үшін конфигурациялаудан кейін Wi-Fi арқылы кескіндерді жүктеп салу немесе жүктеп алу алдында Wireless Transmitter Utility арқылы фотокамераны компьютермен жұптастыру керек болады.
Инфрақұрылымдық жəне қатынасу нүктесі режимдері Фотокамера бар желідегі сымсыз маршрутизатор арқылы (инфрақұрылымдық режим) немесе тікелей сымсыз байланыс (қатынасу нүктесі режимі) арқылы қосыла алады. Қатынасу нүктесі режимі Фотокамера мен компьютер тікелей сымсыз байланыс арқылы қосылады. Фотокамера сымсыз жергілікті желі қатынасу нүктесі ретінде əрекет Қатынасу нүктесі режимі (0 3) етеді жəне параметрлерге күрделі реттеулер жасау керек болмайды.
Қатынасу нүктесі режимінде қосылу Қатынасу нүктесі режимінде компьютерге тікелей сымсыз байланысты жасау үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз. 1 Желі параметрлерін көрсетіңіз. Фотокамераның баптау мəзірінде Connect to PC (Компьютерге қосылу) пəрменін таңдаңыз, содан кейін Network settings (Желі параметрлері) тармағын белгілеңіз жəне 2 түймешігін басыңыз. 2 Create profile (Профиль жасау) пəрменін таңдаңыз. Create profile (Профиль жасау) пəрменін белгілеңіз жəне J түймешігін басыңыз.
4 Компьютерден қосылыңыз. Windows: тапсырмалар тақтасында сымсыз жергілікті желі белгішесін басыңыз жəне фотокамера 3-қадамда көрсеткен SSID идентификаторын таңдаңыз. Желінің қауіпсіздік кілтін енгізу ұсынылғанда фотокамера 3-қадамда көрсеткен шифрлау кілтін енгізіңіз. macOS/OS X: мəзір жолағында сымсыз жергілікті желі белгішесін басыңыз жəне фотокамера 3-қадамда көрсеткен SSID идентификаторын таңдаңыз. Құпиясөзді енгізу ұсынылғанда фотокамера 3-қадамда көрсеткен шифрлау кілтін енгізіңіз.
6 Фотокамераны таңдаңыз. Wireless Transmitter Utility қолданбасында 5-қадамда көрсеткен фотокамера атауын таңдап, Next (Келесі) түймешігін басыңыз. 7 Аутентификация кодын енгізіңіз. Фотокамера аутентификация кодын көрсетеді. Wireless Transmitter Utility көрсеткен диалогтық терезеде аутентификация кодын енгізіп, Next (Келесі) түймешігін басыңыз.
8 Жұптастыру процесін аяқтаңыз. Фотокамера жұптастыру аяқталғаны айтылған хабарды көрсеткенде J түймешігін басыңыз. Wireless Transmitter Utility қолданбасында Next (Келесі) түймешігін басыңыз. Қолданба автоматты түрде жабылады. Енді фотокамера мен компьютер арасында байланыс орнатылады. 9 Байланысты тексеріңіз. Байланыс орнатылғанда фотокамераның Connect to PC (Компьютерге қосылу) мəзірінде желілік SSID жасыл түспен көрсетіледі.
Инфрақұрылымдық режимде қосылу Инфрақұрылымдық режимде бар желідегі компьютерге қосылу үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз. 1 Желі параметрлерін көрсетіңіз. Фотокамераның баптау мəзірінде Connect to PC (Компьютерге қосылу) пəрменін таңдаңыз, содан кейін Network settings (Желі параметрлері) тармағын белгілеңіз жəне 2 түймешігін басыңыз. 2 Create profile (Профиль жасау) пəрменін таңдаңыз. Create profile (Профиль жасау) пəрменін белгілеңіз жəне J түймешігін басыңыз.
3 Бар желілерді іздеңіз. Search for Wi-Fi network (Wi-Fi желісін іздеу) пəрменін белгілеп, J түймешігін басыңыз. Фотокамера маңайдағы қазіргі уақытта белсенді желілерді іздейді жəне оларды атауы (SSID) бойынша тізеді. D «Easy Connect (Оңай қосылу)» SSID немесе шифрлау кілтін енгізусіз қосылу үшін 3-қадамда X түймешігін басыңыз, содан кейін J түймешігін басыңыз жəне келесі параметрлерден таңдаңыз: • Push-button WPS (WPS түймешігі): WPS түймешігін қолдайтын маршрутизаторлар үшін.
4 Желіні таңдаңыз. Желілік SSID белгілеңіз жəне J түймешігін басыңыз (қажетті желі көрсетілмесе, қайтадан іздеу үшін X түймешігін басыңыз). Шифрланған желілер h белгішесімен көрсетіледі; таңдалған желі шифрланған болса, сізден 5-қадамда сипатталғандай шифрлау кілтін енгізу сұралады. Желі шифрланбаған болса, 6-қадамға өтіңіз. D Жасырын SSID идентификаторлары Жасырын SSID идентификаторлары бар желілер желілер тізімінде бос жазбалармен көрсетіледі.
5 Шифрлау кілтін енгізіңіз. Сымсыз маршрутизатордың шифрлау кілтін енгізу сұралғанда J түймешігін басыңыз… …жəне төменде сипатталғандай кілтті енгізіңіз. Шифрлау кілті туралы ақпаратты сымсыз маршрутизатордың құжаттамасында қараңыз. Енгізу аяқталғанда X түймешігін басыңыз. Қосылуды бастау үшін X түймешігін қайтадан басыңыз. Байланыс орнатылғанда оң жақтағы хабар бірнеше секунд бойы көрсетіледі. D Мəтін енгізу Мəтін енгізу керек кезде пернетақта көрсетіледі.
6 IP мекенжайын алыңыз немесе таңдаңыз. Келесі параметрлердің біреуін белгілеп, J түймешігін басыңыз. • Obtain automatically (Автоматты түрде алу): бұл параметрді желі IP мекенжайын автоматты түрде қамтамасыз етуге конфигурацияланған болса таңдаңыз. • Enter manually (Қолмен енгізу): сұралса, IP мекенжайын енгізіңіз. Сегменттерді белгілеу үшін басты басқару дискін айналдырыңыз, өзгерту үшін 4 жəне 2 түймешіктерін басыңыз жəне қабылдау үшін J түймешігін басыңыз.
8 Фотокамераны таңдаңыз. Wireless Transmitter Utility қолданбасында 7-қадамда көрсеткен фотокамера атауын таңдап, Next (Келесі) түймешігін басыңыз. 9 Аутентификация кодын енгізіңіз. Фотокамера аутентификация кодын көрсетеді. Wireless Transmitter Utility көрсеткен диалогтық терезеде аутентификация кодын енгізіп, Next (Келесі) түймешігін басыңыз.
10 Жұптастыру процесін аяқтаңыз. Фотокамера жұптастыру аяқталғаны айтылған хабарды көрсеткенде J түймешігін басыңыз. Wireless Transmitter Utility қолданбасында Next (Келесі) түймешігін басыңыз. Қолданба автоматты түрде жабылады. Енді фотокамера мен компьютер арасында байланыс орнатылады. 11 Байланысты тексеріңіз. Байланыс орнатылғанда фотокамераның Connect to PC (Компьютерге қосылу) мəзірінде желілік SSID жасыл түспен көрсетіледі.
Суреттерді жүктеп салу Жүктеп салатын суреттерді фотокамераның ойнату дисплейінде таңдауға немесе суреттерді түсіріле сала жүктеп салуға болады. D Межелі қалталар Əдепкі бойынша кескіндер келесі қалталарға жүктеп салынады: • Windows: \Users\(пайдаланушы аты)\Pictures\Wireless Transmitter Utility • Mac: /Users/(пайдаланушы аты)/Pictures/Wireless Transmitter Utility Межелі қалтаны Wireless Transmitter Utility арқылы таңдауға болады. Қосымша ақпаратты қызметтік бағдарламаның онлайн анықтамасында қараңыз.
3 Select to send/deselect (PC) (Жіберу үшін таңдау/ таңдауды алу) (компьютер) пəрменін таңдаңыз. Select to send/deselect (PC) (Жіберу үшін таңдау/таңдауды алу) (компьютер) параметрін белгілеп, J түймешігін басыңыз. Суретте ақ тасымалдау белгішесі көрінеді. Фотокамера қазіргі уақытта желіге қосылған болса, жүктеп салу бірден басталады; олай болмаса, жүктеп салу байланыс орнатылғанда басталады. Жүктеп салу кезінде тасымалдау белгішесі жасыл түске боялады.
Тасымалдау белгішесі Жүктеп салу күйі тасымалдау белгішесімен көрсетіледі. • Y (ақ): Send (Жіберу). Сурет жүктеп салу үшін таңдалды, бірақ жүктеп салу əлі басталмады. • X (жасыл): Sending (Жіберілуде). Жүктеп салу орындалуда. • Y (көк): Sent (Жіберілді). Жүктеп салу аяқталды. «Connect to PC (Компьютерге қосылу)» күйі дисплейі Connect to PC (Компьютерге қосылу) дисплейі келесі ақпаратты көрсетеді: Күй: хостпен байланыстың күйі. Байланыс орнатылғанда хост атауы жасыл түспен көрсетіледі.
Ажырату жəне қайта қосу Фотокамераның бар желімен байланысын төменде сипатталғандай уақытша тоқтатуға немесе жалғастыруға болады. Ажырату Баптау мəзірінде Connect to PC (Компьютерге қосылу) > Wi-Fi connection (Wi-Fi байланысы) үшін Disable (Өшіру) пəрменін таңдап немесе i мəзірінде суретке түсіру режимі үшін Wi-Fi connection (Wi-Fi байланысы) > Close Wi-Fi connection (Wi-Fi байланысын жабу) тармағын таңдап фотокамераны өшіру арқылы ажыратуға болады.
Смарт құрылғыларға қосылу Фотокамераға смартфоннан немесе планшеттен (төменде «смарт құрылғы») қосылу үшін SnapBridge қолданбасын жүктеп алыңыз. SnapBridge қолданбасы SnapBridge қолданбасын фотокамера мен смарт құрылғылар арасындағы сымсыз байланыстар үшін пайдаланыңыз. SnapBridge қолданбасы Apple App Store® жəне Google Play™ дүкендерінде тегін қолжетімді. SnapBridge туралы соңғы жаңалықтарды оқу үшін Nikon веб-сайтына кіріңіз.
Сымсыз байланыстар SnapBridge қолданбасын пайдаланып Wi-Fi (0 20) немесе Bluetooth (0 26) арқылы қосылуға болады. Bluetooth арқылы қосылу смарт құрылғы қамтамасыз ететін ақпаратты пайдаланып фотокамера сағатын орнатуға жəне орын деректерін жаңартуға мүмкіндік береді.
Wi-Fi арқылы қосылу (Wi-Fi режимі) Фотокамераға Wi-Fi арқылы қосылу үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз. D Қосылу алдында Қосылу алдында смарт құрылғыда Wi-Fi функциясын қосыңыз (мəліметтерді құрылғымен бірге қамтамасыз етілген құжаттамада қараңыз) фотокамераның жад картасында бос орын қолжетімді екенін тексеріңіз жəне құрылғылардың күтпеген жерде өшуін болдырмау үшін фотокамерадағы жəне смарт құрылғыдағы батареялар толығымен зарядталғанына көз жеткізіңіз.
Қолданбаны бұрын іске қосқан болсаңыз, 3-қадамға өту алдында қойындысын ашып, > Wi-Fi mode (Wi-Fi режимі) тармағын нұқыңыз. 2 Смарт құрылғы: фотокамера жəне байланыс түрін таңдаңыз. Фотокамера түрін таңдау сұралғанда mirrorless camera (айнасыз фотокамера) тармағын нұқыңыз, содан кейін Wi-Fi connection (Wi-Fi байланысы) параметрін нұқыңыз.
3 Фотокамера: фотокамераны қосыңыз. Смарт құрылғы фотокамераны дайындауға нұсқау береді. Фотокамераны қосыңыз. 4-қадамды аяқтамай тұрып Next (Келесі) түймешігін НҰҚЫМАҢЫЗ. 4 Фотокамера: Wi-Fi функциясын қосыңыз. Баптау мəзірінде Connect to smart device (Смарт құрылғыға қосылу) > Wi-Fi connection (Wi-Fi байланысы) тармағын таңдаңыз, содан кейін Establish Wi-Fi connection (Wi-Fi байланысын орнату) пəрменін белгілеңіз жəне J түймешігін басыңыз. Фотокамераның SSID жəне құпиясөзі көрсетіледі.
5 Смарт құрылғы: Next (Келесі) түймешігін нұқыңыз. Алдыңғы қадамда сипатталғандай фотокамерада Wi-Fi функциясын қосқаннан кейін Next (Келесі) түймешігін нұқыңыз. 6 Смарт құрылғы: View options (Параметрлерді көру) пəрменін нұқыңыз. Смарт құрылғы көрсеткен нұсқауларды оқудан кейін View options (Параметрлерді көру) пəрменін түртіңіз. • Android devices (Android құрылғылары): Wi-Fi параметрлері көрсетіледі. • iOS құрылғылары: «Параметрлер» қолданбасы іске қосылады.
7 Смарт құрылғы: фотокамераның SSID жəне құпиясөзін енгізіңіз. Фотокамера 4-қадамда көрсеткен SSID жəне құпиясөзді енгізіңіз. Android құрылғысы (іс жүзіндегі дисплейлер басқаша болуы мүмкін) iOS құрылғысы (іс жүзіндегі дисплейлер басқаша болуы мүмкін) Фотокамераға келесі қосылғанда құпиясөзді енгізу талап етілмейді.
8 Смарт құрылғы: SnapBridge қолданбасына оралыңыз. Wi-Fi байланысы орнатылғаннан кейін Wi-Fi режимінің параметрлері көрсетіледі. SnapBridge қолданбасын орнату туралы ақпаратты онлайн анықтамада қараңыз. D Wi-Fi байланыстарын аяқтау Wi-Fi байланысын аяқтау үшін пəрменін нұқыңыз. Белгіше деп өзгергенде пəрменін нұқып, Exit Wi-Fi mode (Wi-Fi режимінен шығу) пəрменін таңдаңыз.
Bluetooth арқылы қосылу Бірінші рет қосылу кезінде фотокамера мен смарт құрылғыны жұптастыру туралы ақпаратты төмендегі «Бірінші рет қосылу: жұптастыру» бөлімінде қараңыз. Жұптастыру аяқталғаннан кейін қосылу туралы ақпаратты «Жұптастырылған құрылғыға қосылу» (0 36) бөлімінде қараңыз. ❚❚ Бірінші рет қосылу: жұптастыру Bluetooth арқылы бірінші рет қосылу алдында фотокамера мен смарт құрылғыны төменде сипатталғандай жұптастыру керек болады.
2 Android құрылғысы: SnapBridge қолданбасын іске қосыңыз. Қолданбаны бірінші рет іске қосуыңыз болса, Connect to camera (Фотокамераға қосылу) пəрменін нұқыңыз жəне 3-қадамға өтіңіз. Қолданбаны бұрын іске қосқан болсаңыз, қойындысын ашып, Connect to camera (Фотокамераға қоосылу) пəрменін нұқыңыз.
3 Android құрылғысы: фотокамераны дайындаңыз. Фотокамера атауын нұқыңыз. 4 Фотокамера/Android құрылғысы: аутентификация кодын тексеріңіз. Фотокамера жəне Android құрылғысы бірдей аутентификация кодын (иллюстрацияда шеңберге алынған) көрсетіп тұрғанына көз жеткізіңіз.
5 Фотокамера/Android құрылғысы: жұптастыруды бастаңыз. Фотокамера: J түймешігін басыңыз. Android құрылғысы: иллюстрацияда көрсетілген түймешікті нұқыңыз (сіз пайдаланып жатқан Android нұсқасына байланысты бұл белгі басқаша болуы мүмкін). D Жұптастыру қатесі Фотокамерадағы түймешікті басу жəне Android құрылғысындағы түймешікті нұқу арасында тым көп күтсеңіз, жұптастыру сəтсіз аяқталады жəне қате көрсетіледі. • Фотокамера: J түймешігін басыңыз жəне 1-қадамға оралыңыз.
6 Фотокамера/Android құрылғысы: экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Фотокамера: J түймешігін басыңыз. Фотокамера құрылғылар қосулы екені айтылған хабарды көрсетеді. Android құрылғысы: жұптастыру аяқталды. қойындысынан шығу үшін OK түймешігін нұқыңыз. D Бірінші рет жұптастыру SnapBridge қолданбасын орнатудан кейін Android құрылғысын фотокамерамен бірінші рет жұптастырсаңыз, сізден автоматты байланыс (автоматты жүктеп салу, сағат пен орынды автоматты синхрондау) параметрлерін таңдау сұралады.
iOS Фотокамераны iOS құрылғысымен жұптастыру үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз. Android құрылғылары туралы ақпаратты «Android» (0 26) бөлімінде қараңыз. 1 Camera (Фотокамера): фотокамераны дайындаңыз. Баптау мəзірінде Connect to smart device (Смарт құрылғыға қосылу) > Pairing (Bluetooth) (Жұптастыру (Bluetooth)) тармағын таңдаңыз, содан кейін Start pairing (Жұптастыруды бастау) пəрменін белгілеңіз жəне J түймешігін басып… …фотокамера атауын көрсетіңіз.
Қолданбаны бұрын іске қосқан болсаңыз, қойындысын ашып, Connect to camera (Фотокамераға қоосылу) пəрменін нұқыңыз. 3 iOS құрылғысы: фотокамераны дайындаңыз. Фотокамера атауын нұқыңыз.
4 iOS құрылғысы: нұсқауларды оқыңыз. Жұптастыру туралы нұсқауларды мұқият оқып шығып, Understood (Түсіндім) жауабын нұқыңыз. 5 iOS құрылғысы: керек-жарақты таңдаңыз. Керек-жарақты таңдау сұралғанда фотокамера атауын қайтадан нұқыңыз.
6 Фотокамера/iOS құрылғысы: жұптастыруды бастаңыз. Фотокамера: J түймешігін басыңыз. iOS құрылғысы: иллюстрацияда көрсетілген түймешікті нұқыңыз (сіз пайдаланып жатқан iOS нұсқасына байланысты бұл белгі басқаша болуы мүмкін). D Жұптастыру қатесі Фотокамерадағы түймешікті басу жəне iOS құрылғысындағы түймешікті нұқу арасында тым көп күтсеңіз, жұптастыру сəтсіз аяқталады жəне қате көрсетіледі. • Фотокамера: J түймешігін басыңыз жəне 1-қадамға оралыңыз.
7 Фотокамера/iOS құрылғысы: экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Фотокамера: J түймешігін басыңыз. Фотокамера құрылғылар қосулы екені айтылған хабарды көрсетеді. iOS құрылғысы: жұптастыру аяқталды. шығу үшін OK түймешігін нұқыңыз. қойындысынан D Бірінші рет жұптастыру SnapBridge қолданбасын орнатудан кейін iOS құрылғысын фотокамерамен бірінші рет жұптастырсаңыз, сізден автоматты байланыс (автоматты жүктеп салу, сағат пен орынды автоматты синхрондау) параметрлерін таңдау сұралады.
❚❚ Жұптастырылған құрылғыға қосылу Фотокамерамен жұптастырылып қойылған смарт құрылғыға тез жəне оңай қосылуға болады. 1 Фотокамера: Bluetooth функциясын қосыңыз. Баптау мəзірінде Connect to smart device (Смарт құрылғыға қосылу) > Pairing (Bluetooth) (Жұптастыру (Bluetooth)) > Bluetooth connection (Bluetooth байланысы) тармағын таңдаңыз, содан кейін Enable (Қосу) пəрменін белгілеңіз жəне J түймешігін басыңыз. 2 Смарт құрылғы: SnapBridge қолданбасын іске қосыңыз.
Желілерге WT-7 арқылы қосылу Фотокамераға жалғанған болса, WT-7 қосымша сымсыз таратқышын компьютерлерге, FTP серверлеріне немесе басқа құрылғыларға Ethernet немесе сымсыз желілер арқылы қосылу үшін пайдалануға болады. D WT-7 сымсыз таратқышын қосу алдында WT-7 сымсыз таратқышын қосу алдында фотокамераның жəне WT-7 сымсыз таратқышының бағдарлама жасақтамасы соңғы нұсқаларға жаңартылғанына көз жеткізіңіз. Қосымша ақпарат алу үшін аймағыңызға арналған Nikon веб-сайтына кіріңіз (0 xii).
WT-7 сіз үшін не істей алады WT-7 мына мүмкіндіктерді береді: • Бар фотосуреттер мен бейнефильмдерді FTP серверіне немесе компьютерге жүктеп салу Суреттерді компьютерлерге көшіріп қана емес (кескінді тасымалдау режимі), сондайақ оларды FTP серверлеріне жүктеп салуға болады (FTP серверіне жүктеп салу режимі). Суреттерді түсіріле сала жүктеп салуға болады.
WT-7 арқылы қосылу WT-7 сымсыз таратқышын фотокамерамен бірге қамтамасыз етілген USB кабелін пайдаланып қосыңыз. Таратқышты қосыңыз жəне фотокамераның баптау мəзірінде Wireless transmitter (WT-7) (Сымсыз таратқыш (WT-7)) > Wireless transmitter (Сымсыз таратқыш) > Use (Пайдалану) тармағын таңдаңыз. A WT-7 сымсыз таратқышының мəзір параметрлері WT-7 сымсыз таратқышының барлық мəзір параметрлерін баптау мəзірінде Wireless transmitter (WT-7) (Сымсыз таратқыш (WT-7)) тармағында табуға болады.
Мəзір нұсқаулығы Фотокамера желіге қосулы кезде пайдаланылатын мəзір элементтері туралы ақпаратты осы бөлімде оқыңыз. Тізілген элементтердің барлығын баптау мəзірінде табуға болады. Connect to smart device (Смарт құрылғыға қосылу) Смартфондарға немесе планшеттерге (смарт құрылғылар) Bluetooth немесе Wi-Fi арқылы қосылу. Pairing (Bluetooth) (Жұптастыру (Bluetooth)) Bluetooth арқылы смарт құрылғылармен жұптастыру немесе оларға қосылу.
Select to send (Bluetooth) (Жіберу үшін таңдау (Bluetooth)) Смарт құрылғыға жүктеп салатын суреттерді таңдау немесе суреттерді түсіріле сала жүктеп салынатын-салынбайтын етіп белгілеуді таңдау. Жүктеп салу байланыс орнатыла сала басталады.
Wi-Fi connection (Wi-Fi байланысы) Смарт құрылғыларға Wi-Fi арқылы қосылу. ❚❚ Establish Wi-Fi connection (Wi-Fi байланысын орнату) Смарт құрылғымен Wi-Fi байланысын бастау. Қосылу үшін смарт құрылғыда фотокамераның SSID идентификаторын таңдаңыз жəне құпиясөзді енгізіңіз (0 20). Байланыс орнатылғаннан кейін бұл параметр қажет кезде байланысты аяқтау үшін пайдалануға болатын Close Wi-Fi connection (Wi-Fi байланысын жабу) пəрменіне өзгереді.
Connect to PC (Компьютерге қосылу) Компьютерлерге Wi-Fi арқылы қосылу. Wi-Fi connection (Wi-Fi байланысы) Network settings (Желі параметрлері) үшін қазіргі уақытта таңдалған параметрлерді пайдаланып қосылу үшін Enable (Қосу) пəрменін таңдаңыз.
Network settings (Желі параметрлері) Жаңа желі профилін жасау үшін Create profile (Профиль жасау) пəрменін таңдаңыз (0 3, 7). Бірнеше профиль бар болса, тізімнен профильді таңдау үшін J түймешігін басыңыз. Бар профильді өңдеу үшін белгілеп, 2 түймешігін басыңыз. Келесі параметрлер көрсетіледі: • General (Жалпы): профиль атауы жəне құпиясөз. Профильді қайта атау үшін Profile name (Профиль атауы) параметрін таңдаңыз (əдепкі бойынша профиль атауы желінің SSID идентификаторымен бірдей болады).
Options (Параметрлер) Жүктеп салу параметрлерін реттеңіз. ❚❚ Auto send (Автоматты жіберу) Жаңа фотосуреттерді түсіріле сала жүктеп салу үшін On (Қосулы) күйін таңдаңыз. Жүктеп салу фотосурет жад картасына жазылғаннан кейін ғана басталады; жад картасы фотокамераға салынғанына көз жеткізіңіз. Бейнефильм режимінде түсірілген бейнефильмдер мен фотосуреттер жазу аяқталғанда автоматты түрде жүктеп салынбайды, ал оның орнына ойнату дисплейінен жүктеп салынуы керек (0 14).
Wireless transmitter (WT-7) (Сымсыз таратқыш (WT-7)) WT-7 қосымша сымсыз таратқышын пайдаланып қосылу параметрлерін реттеңіз. Бұл параметрлер WT-7 қосылған жəне қосулы кезде қолданылады. Бұл жағдайда Connect to smart device (Смарт құрылғыға қосылу) жəне Connect to PC (Компьютерге қосылу) үшін таңдалған параметрлер автоматты түрде өшіріледі.
Ақауларды жою Төменде кейбір жиі кездесетін мəселелердің шешімдері тізілген. SnapBridge қолданбасына арналған ақауларды жою туралы ақпаратты мына бетте көруге болатын қолданбаның онлайн анықтамасында табуға болады: https://nikonimglib.com/snbr/onlinehelp/en/index.html WT-7 туралы ақпаратты таратқышпен бірге қамтамасыз етілген нұсқаулықта қараңыз. Wireless Transmitter Utility немесе Camera Control Pro 2 туралы ақпаратты қарастырылып отырған қолданбаның онлайн анықтамасында қараңыз.
Қосымша Apple қоғамдық бастапқы код лицензиясы Бұл өнім https://developer.apple.com/opensource/ URL мекенжайында орналасқан Apple қоғамдық бастапқы код лицензиясының шарттары қолданылатын Apple mDNS бастапқы одын қамтиды. Бұл файл Apple қоғамдық бастапқы код лицензиясының 2.0 нұсқасында («Лицензия») анықталған жəне соның шарттары қолданылатын бастапқы кодты жəне/немесе бастапқы кодтың нұсқаларын қамтиды. Бұл файлды тек лицензия шарттарына сай пайдалануға болады.
Индекс A S Android .................................................. 26 Authentication/encryption (Аутентификация/шифрлау) .............. 42 Auto send (Автоматты жіберу)....... 15, 45 Search for Wi-Fi network (Wi-Fi желісін іздеу)...................................................... 8 Select to send (Bluetooth) (Жіберу үшін таңдау (Bluetooth)) .............................. 41 Send while off (Өшірулі кезде жіберу) . 42 SnapBridge ............................................ 18 SSID.....................
Бұл нұсқаулықты түгелдей немесе оның бір бөлігін (сын жазу мақалалары мен шолулардағы қысқа дəйексөздерді қоспағанда) NIKON CORPORATION компаниясының жазбаша рұқсатынсыз ешбір түрде көшіруге болмайды.