Қосымша бағдарлама жасақтамасының жаңартымының нұсқаулығы

D
Сақтық ескертулер: дауыстық ескертпе жазу
• Ескертпелері (h белгішелері арқылы көрсетіледі) бар суреттерге
дауыстық ескертпелер қосу мүмкін емес. Жаңа ескертпені
жазуға əрекеттену алдында бар ескертпені жойыңыз.
Жазу орындалып жатқанда басқа суреттерді көре немесе
сенсорлық басқару элементтерін пайдалана алмайсыз.
Мына жағдайларда жазу аяқталады:
- O түймешігін бассаңыз,
- ойнату режимінен шықсаңыз немесе
- фотокамераны өшірсеңіз.
• Ысырманы босату түймешігін бассаңыз немесе фотокамераның
басқа басқару элементтерін пайдалансаңыз, жазу аяқталуы
мүмкін.
A
Дауыстық ескертпелердің файл атаулары
Дауыстық ескертпелердің «DSC_nnnn.WA түріндегі файл
атаулары болады, мұндағы nnnn дауыстық ескертпе
байланыстырылған суреттен көшірілген төрт цифрлық сан.
Фотосурет түсіру мəзірінде Color space (Түс кеңістігі) үшін
Adobe RGB мəні таңдалып түсірілген суреттер үшін дауыстық
ескертпелердің файл атаулары «_DSCnnnn.WA түрінде
болады.
«DSC» орнына, фотосурет түсіру мəзіріндегі File naming (Файл
атаулары) арқылы атау берілген суреттер үшін дауыстық
ескертпелерде өздері байланыстырылған суреттермен бірдей
үш əріптік префикс болады.
Дауыстық ескертпелерді ойнату
Дауыстық ескертпелерді ойнату
1
f2 (Custom control assignment (Қолданушы
басқару элементін тағайындау)) > Movie
record button (Бейнефильм жазу түймешігі)
қолданушы параметрі үшін Voice memo
(Дауыстық ескертпе) мəнін таңдаңыз.
2
Ойнату режимін таңдаңыз жəне h
белгішесі бар суретті көрсетіңіз.
3
Бейнефильм жазу түймешігін басыңыз.
Дауыстық ескертпені ойнату басталады.
4
Бейнефильм жазу түймешігін қайтадан басыңыз.
Дауыстық ескертпені ойнату аяқталады.