Қосымша бағдарлама жасақтамасының жаңартымының нұсқаулығы

SB1I02(Y7)
6MOA97Y7-02
Kk «C» бағдарлама жасақтамасының 3.30
нұсқасында қолжетімді мүмкіндіктер
Фотокамераның «С» бағдарлама жасақтамасының 3.30
нұсқасында қолжетімді жаңа мүмкіндіктер төменде сипатталған.
Фотокамераның бағдарлама жасақтамасының нұсқасын көру
немесе фотокамераның бағдарлама жасақтамасын жаңарту
үшін баптау мəзірінен Firmware version (Бағдарлама
жасақтамасының нұсқасы) тармағын таңдаңыз. Z 7 жəне Z 6
үшін соңғы бағдарлама жасақтамасы Nikon Download Center
сайтында жүктеп алуға қолжетімді.
https://downloadcenter.nikonimglib.com/
Фокус орнын сақтау
Фокус орнын сақтау
Баптау мəзіріне Save focus position (Фокус
орнын сақтау) параметрі қосылды. Егер
On (Қосулы) күйі таңдалса, фотокамера
өшірілген кезде қолданылып тұрған фокус
орны фотокамераны келесі рет қосқанда
қалпына келтіріледі.
Фокус орны масштабты реттегенде немесе қоршаған орта
температурасының ауытқуларына байланысты өзгеруі мүмкін.
Бұл параметр фотокамера Z бекіткішті автофокустық
объективтермен бірге пайдаланылған кезде ғана қолданылады.
On (Қосулы) күйін таңдау фотокамераның іске қосылу
уақыттарын арттыруы мүмкін.
Дауыстық ескертпелер (тек Z 6)
Дауыстық ескертпелер (тек Z 6)
f2 (Custom control assignment (Қолданушы
басқару элементін тағайындау)) қолданушы
параметрі арқылы Movie record button
(Бейнефильм жазу түймешігі) түймешігіне
тағайындауға болатын рөлдерге Voice memo
(Дауыстық ескертпе) параметрі қосылды.
Voice memo (Дауыстық ескертпе) рөлінде, бейнефильм жазу
түймешігін сурет көрсетіліп тұрғанда ұзақтығы 60 секундқа дейінгі
дауыстық ескертпелерді жазу жəне ойнату үшін пайдалануға болады.
Дауыстық ескертпелерді жазу
Дауыстық ескертпелерді жазу
1
f2 (Custom control assignment (Қолданушы
басқару элементін тағайындау)) > Movie
record button (Бейнефильм жазу түймешігі)
қолданушы параметрі үшін Voice memo
(Дауыстық ескертпе) мəнін таңдаңыз.
2
Ойнату режимін таңдап, дауыстық
ескертпе қосқыңыз келетін суретті
көрсетіңіз.
3
Бейнефильм жазу түймешігін басып,
ұстап тұрыңыз.
Жазу түймешікті басқанда жалғасады.
Жазу кезінде b белгішесі көрсетіледі.
4
Жазуды аяқтау үшін бейнефильм
жазу түймешігін жіберіңіз.
Дауыстық ескертпелері бар суреттер h
белгішелерімен көрсетіледі.
Жазу 60 секундтан кейін автоматты
түрде аяқталады.

Summary of content (4 pages)