Қолданушы нұсқаулығы
73
Суретке түсіру басқару элементтері
P: Бағдарламаланған автоматты режим
Бұл режимде фотокамера ысырма
жылдамдығын жəне аператураны
жағдайлардың көпшілігінде оңтайлы
экспозицияны қамтамасыз ету үшін
бекітілген бағдарламаға сəйкес
автоматты түрде реттеп отырады.
Басты басқару дискін айналдыру
арқылы бірдей экспозицияны тудыратын ысырма жылдамдығы
мен апертураның əртүрлі тіркесімдерін таңдауға болады
(«икемді бағдарлама»). Икемді бағдарлама қолданылып
тұрғанда, икемді бағдарлама индикаторы (U) көрсетіледі.
Əдепкі ысырма жылдамдығы мен ап
ертура параметрлерін
қалпына келтіру үшін басты басқару дискін индикатор
дисплейден жоғалғанша бұраңыз, басқа режимді таңдаңыз
немесе фотокамераны өшіріңіз.
S: Ысырманы ұстап тұру басымдығы бар
автоматты режим
Ысырманы ұстап тұру басымдығы бар
автоматты режимде ысырма
жылдамдығын фотокамера оңтайлы
экспозицияны беретін апертураны
автоматты түрде таңдап жатқан кезде
таңдауға болады. Ысырма
жылдамдығын таңдау үшін басты
басқару дискін айналдырыңыз. Ысырма
жылдамдығын «×200» мəніне немесе
30 с жəне
1
/8000 с арасындағы мəндерге
орнатуға əрі таңдалған параметрде
құлыптауға болады (0 148).
Монитор
Басқару панелі