Қолданушы нұсқаулығы

60
Негізгі параметрлер
Сенсорлы қосылатын ысырма
Сенсорлық басқару элементтерін
фокустау жəне ысырманы босату үшін
пайдалануға болады. Фокустау үшін
дисплейді түртіңіз жəне ысырманы
босату үшін саусақты көтеріңіз.
Суретке түсіру режимінде дисплейді
нұқу арқылы орындалатын əрекетті
таңдау үшін суретте көрсетілген
белгішені нұқыңыз. Келесі
параметрлерден таңдаңыз:
W: фокустау нүктесін орналастыру
жəне фокустау үшін дисплейді түртіңіз
(бет анықталса, фотокамера таңдалған нүктеге ең жа
қын бетті
фокустайды). Саусағыңыз дисплейде тұрғанда фокустау
құлыпталады; ысырманы босату үшін саусағыңызды көтеріңіз.
Тек фотосурет режимінде қолжетімді.
V: жоғарыдағымен бірдей, тек дисплейден саусақты көтеру
ысырманы босатпайды. АФ аумағының режимі үшін АФ
аумағын автоматты түрде таңдау таңдалған болса,
фотокамера таңдалған нысанды кадр арқылы жылжығанында
бақылайды; басқа нысанға ауысу үшін дис
плейде
сол
нысанды нұқыңыз.
X : сенсорлы қосылатын ысырма өшірілген.