Қолданушы нұсқаулығы

59
Негізгі параметрлер
❚❚ Нысанды бақылау
AF-area mode (АФ аумағының режимі)
үшін Auto-area AF (АФ аумағын
автоматты түрде таңдау) таңдалған
болса, J түймешігін басу фокусты
бақылауды қосады. Фокустау нүктесі
көздеу торына өзгереді; торды нысана
үстінде орналастырыңыз жəне
бақылауды бастау үшін J түймешігін қайтадан басыңыз немесе
AF-ON (АФ-ҚОСУЛЫ) түймешігін басыңыз. Фокустау нүктесі
таңдалған нысанды кадр арқылы қозғалғанында бақылайды
(портреттік ныс
андар жағдайында фокус нысанның бетін
бақылайды). Бақылауды аяқтау жəне орталық фокустау
нүктесін таңдау үшін J түймешігін үшінші рет басыңыз.
Нысанды бақылау режимінен шығу үшін W (Q) түймешігін
басыңыз.
Фотосурет түсіру кезінде AF-C фокустау режимі таңдалса жəне
бақылау AF-ON түймешігін пайдаланып немесе ысырманы
босату түймешігін жартылай басу арқылы басталса,
фотокамера басқару элементі ба
сулы кезде ғана нысанды
бақылайды. Басқару элементін босатсаңыз, бақылаудың
басталуы алдында таңдалған фокустау нүктесі қалпына
келтіріледі.
D Нысанды бақылау
Егер нысандар жылдам қозғалса, жақтаудан шығып кетсе немесе басқа
нысандармен жабылып қалса, өлшем, түс немесе жарықтық өзгерістері
көрінсе немесе тым кішкентай, тым үлкен, тым жарық, тым күңгірт
немесе артқы фонмен түсі немесе жарықтығы ұқсас болса, фотокамера
оларды бақылай алмауы мүмкін.