Қолданушы нұсқаулығы

39
Алғашқы қадамдар
4 Time zone and date (Уақыт белдеуі
жəне күн) параметрін таңдаңыз.
Time zone and date (Уақыт белдеуі
жəне күн) параметрін белгілеп, 2
түймешігін басыңыз.
5 Уақыт белдеуін таңдаңыз.
Time zone (Уақыт белдеуі)
параметрін таңдап, ағымдағы уақыт
белдеуін таңдаңыз (дисплей
таңдалған аймақтағы қалаларды
жəне таңдалған аймақ пен UTC
арасындағы айырмашылықты
көрсетеді). Өзгертулерді сақтап, уақыт белдеуі мен күн
мəзіріне оралу үшін J түймешігін басыңыз.
6 Жазғы уақытты қосыңыз немесе
өшіріңіз.
Daylight saving time (Жазғы уақыт)
параметрін таңдаңыз, содан кейін On
(Қосулы) немесе Off (Өшірулі) күйін
белгілеңіз жəне J түймешігін
басыңыз. On (Қосулы) параметрін
таңдау сағаты бір сағат алға жылжытады.
7 Сағатты орнатыңыз.
Date and time (Күн жəне уақыт)
параметрін таңдаңыз жəне сағатты
орнату үшін мульти селекторды
пайдаланыңыз. Сағат ағымдағы күн
мен уақытқа орнатылғанда J
түймешігін басыңыз (фотокамерада
24 сағаттық сағат пішімі пайдаланылатынын ескеріңіз).