Қолданушы нұсқаулығы

240
Техникалық ескертпелер
Бұл өнімді Америка Құрама Штаттарының экспортты басқару туралы
ережелері (EAR) бақылайды. Осы мəтін жазылып жатқанда эмбарго немесе
арнайы ережелер қолданылған келесі елдерден басқа елдер үшін экспорттау
үшін Америка Құрама Штаттары үкіметінің рұқсаты қажет емес: Куба, Иран,
Солтүстік Корея, Судан жəне Сирия (тізім өзгертілуі мүмкін).
Кейбір елдерде немесе аймақтарда сымсыз құрылғыларды пайдалануға
тыйым салынуы м
ү
мкін. Осы өнімнің сымсыз мүмкіндіктерін сатып алу елінен
тыс пайдалану алдында Nikon компаниясының қызмет көрсету өкіліне
хабарласыңыз.
Бұл құрылғыдағы Bluetooth таратқышы 2,4 ГГц диапазонында жұмыс істейді.
Еуропадағы тұтынушыларға арналған ескертулер
Осымен, Nikon Corporation Z 7 жəне Z 6 деген радиожабдық түрлері
2014/53/EU директивасының талаптарына сай екенін жариялайды.
ЕО сəйкестік декларацияларының толық мəтіндері келесі интернет
мекенжайларында қолжетімді:
•Z7: https://imaging.nikon.com/support/pdf/DoC_N1710.pdf
•Z6: https://imaging.nikon.com/support/pdf/DoC_N1711.pdf
Қауіпсіздік
Бұл өнімнің артықшылықтарының бірі басқаларға өз ауқымында кез келген
жерде деректерді сымсыз алмасу үшін еркін қосылуға мүмкіндік беретіні
болғанымен, қауіпсіздік қосылмаған болса, төмендегі жағдайлар орын алуы
мүмкін:
Деректердің ұрлануы: зиянкес үшінші тараптар сымсыз тасымалданатын
деректерді ұстап, пайдаланушы идентификаторларын, құпия сөздерін жəне
басқа жеке ақпаратты ұрлауы мүмкін.
Рұқсат етілмеген қатынас: рұқсат етілм
еген пай
даланушылар желіге қатынас
алуы жəне деректерді өзгертуі немесе басқа зиянды əрекеттерді орындауы
мүмкін. Сымсыз желілердің дизайнына байланысты, мамандандырылған
шабуылдар тіпті қауіпсіздік қосулы болса да рұқсат етілмеген қатынас алуға
мүмкіндік беретінін ескеріңіз.
Қорғалмаған желілер: ашық желілерге қосылу рұқсатсыз қатынасуға əкелуі
мүмкін. Тек қорғалған желілерді пайдаланыңыз.
A Сəйкестік таңбалары
Фотокамера сай стандарттарды баптау мəзіріндегі Conformity marking
(Сəйкестік таңбалары) параметрін пайдаланып көруге болады.
Bluetooth жəне Wi-Fi (сымсыз жергілікті
желі)