Қолданушы нұсқаулығы
238
Техникалық ескертпелер
Толығымен зарядталған EN-EL15b
1
батареясы арқылы жазуға болатын
түсірілген бөліктің жуықталған ұзақтығы немесе суреттер саны монитор
режиміне қарай өзгеріп отырады. Фотосуреттер үшін сандар
2
келесідей:
• Viewfinder only (Тек көріністапқыш): 330 түсірілім (Z 7), 310 түсірілім
(Z 6)
• Monitor only (Тек монитор): 400 түсірілім (Z 7), 380 түсірілім (Z 6)
Бейнефильмдер үшін сандар
3
:
• Viewfinder only (Тек көріністапқыш): 85 минут
• Monitor only (Тек монитор): 85 минут
Келесі сияқты əрекеттер батареяның қызмет көрсету мерзімін қысқартуы
мүмкін:
• Ысырманы босату түймешігін жартылай басып ұстап тұру
• Қайталанатын автофокус əрекеттері
• NEF (RAW) фотосуреттерін түсіру
• Ысырманың баяу жылдамдықтары
• Фотокамераның Wi-Fi (сымсыз жергілікті желі) жəне Bluetooth
мүмкіндіктерін пайдалану
• Фотокамераны қосымша керек-жарақтар жалғанған күйде пайдалану
• Қайта-қайта ұлғайту жəне кішірейту
Қайта зарядталатын Nikon EN-EL15b батареяларын барынша пайдалану үшін:
• Батарея түйіспелерін таза ұстаңыз. Ластанған түйіспелер батарея
жұмысын нашарлатуы мүмкін.
• Батареяларды зарядтап болғаннан кейін бірден пайдаланыңыз.
Батареялар пайдаланылмаса зарядын жоғалтады.
1 Сондай-ақ EN-EL15a/EN-EL15 батареяларын пайдалануға болады,
бірақ бір зарядпен азырақ сурет түсіретініңізді ескеріңіз. Төзімділік
батарея күйіне, температураға, суреттер арасындағы аралыққа жəне
мəзірлерді көрсету уақытының ұзақтығына қарай өзгеріп отырады.
2CIPA стандарты. 23 °C (±2 °C) температурасында NIKKOR Z 24–70 мм
f/4
S
объективімен жəне SONY QD-G64E жад картасымен (деректер
2018 жылдың шілде айында алынған) келесі сынақ жағдайларында
түсірілген: 30 с сайын əдепкі параметрлерде бір фотосурет түсірілген.
3 23°C (±2°C) температурасында фотокамераның əдепкі параметрлерімен,
NIKKOR Z 24–70 мм f/4 S объективімен жəне SONY QD-G64E жад
картасымен (деректер 2018 жылдың шілде айында алынған)
C
amera and
I
maging
P
roducts
A
ssociation (Фотокамераларды жəне суретті өңдеу
құрылғыларын өндірушілер ассоциациясы) (CIPA) көрсеткен жағдайларда
өлшенген. Жекелеген бейнефильмдердің ұзындығы 29 минут 59 секундқа
дейін бола алады; фотокамераның температурасы көтерілсе, жазу бұл
лимитке жетпей тұрып аяқталуы мүмкін.
Батареяның қызмет көрсету мерзімі