Қолданушы нұсқаулығы
234
Техникалық ескертпелер
➜
FTZ орнату адаптерінің қолданушы нұсқаулығы
Адаптерге күтім жасау
• Орнату адаптерінің ішіне тимеңіз. Шаңды кетіру үшін ауа
үргішті немесе жұмсақ қылшақты пайдаланыңыз. Адаптердің
ішін үйкемеңіз немесе оған сызат түсірмеңіз.
• Адаптерді тазалағанда шаң мен түкті кетіру үшін ауа үргішті
пайдаланыңыз, содан кейін адаптерді жұмсақ, құрғақ
шүберекпен ақырын сүртіп алыңыз.
• Адаптерді тазалау үшін бояу сұйылтқышы немесе бензин
сияқты органикалық еріткіштерді ешқашан п
айдаланб
аңыз.
• Ұзақ уақыт бойы пайдаланылмайтын болса, зеңді жəне тотты
болдырмау үшін адаптерді салқын, құрғақ жерде сақтаңыз. Тік
күн жарығында, я болмаса, нафта немесе камфара күйеге
қарсы шариктерімен бірге сақтамаңыз.
Керек-жарақтар
❚❚ Жинақтағы керек-жарақтар
• BF-1B корпус қақпағы
• LF-N1 объективтің артқы қақпағы
Техникалық сипаттамалары
Nikon осы өнімнің сыртқы түрін, техникалық сипаттамаларын жəне
өнімділігін кез келген уақытта жəне алдын-ала ескертусіз өзгерту құқығын
сақтайды.
Түрі Орнату адаптері
Қолдау көрсетілетін
фотокамералар
Nikon Z бекіткіші бар айнасыз фотокамералар
Өлшемдер
Диаметрі шамамен 70 мм (шығыңқы жерлерді
қоспағанда)×80мм
Салмағы Шамамен 135 г