Қолданушы нұсқаулығы

233
Техникалық ескертпелер
FTZ орнату адаптерінің қолданушы нұсқаулығы
Орнату адаптерін пайдалану
Адаптерді F бекіткіші бар NIKKOR объективімен бірге
пайдаланғанда автофокус күтілгендей жұмыс істемеуі мүмкін.
Фотокамерада фокустау қиындығы болса, АФ аумағының
режимін бір нүктелі деп орнатыңыз жəне орталық фокустау
аумағын таңдаңыз немесе қолмен фокустаңыз.
Кейбір объективтерде фотокамераның дірілді азайту
мүмкіндігі күтілгендей жұмыс істемеуі мүмкін, я болмаса
виньеттеуді немесе шеткі жарықтандырудың төмендеуін
тудыруы мүмкін.
Пайдалануға қатысты сақтық шаралары
Адаптерді салмағы 1300 г-нан асатын объективтермен бірге
пайдаланғанда фотокамераны ұстап тұрғанда объективті
тіреңіз жəне фотокамера бауын пайдаланбаңыз. Бұл сақтық
шараларын қолданбау фотокамераның объектив жиектемесін
зақымдауы мүмкін.
Штатив сақинасымен жабдықталған телефото объективтерін
пайдаланғанда штативті адаптердің штатив ұяшығына емес,
объективтің штатив сақинасына жалғаңыз.
Микропроцессордың жəне объективтің сигнал түйіспелерін
таза күйде ұстаңыз.
Адаптер
ді
құрғақ ұстаңыз. Ішкі механизмнің тоттануы
жөндеуге келмейтін зақымға əкелуі мүмкін.
Адаптерді өте ыстық жерлерде қалдыру қатайтылған
пластиктен жасалған бөліктерді зақымдауы немесе пішінін
өзгертуі мүмкін.