Қолданушы нұсқаулығы
225
Техникалық ескертпелер
➜
NIKKOR Z 24–70mm f/4 S объективінің қолданушы нұсқаулығы
Объективті күту
• Əдетте объективтің шыны беттерін тазалау үшін шаңды кетіру
жеткілікті.
• Фтормен қапталған объектив элементтерінен дақтарды жəне
саусақ іздерін жұмсақ, таза мақта матаны немесе объективті
тазалау сүлгісін пайдаланып кетіруге болады; айналатын
қозғалысты пайдаланып, ортасынан сыртқа қарай тазалаңыз.
Кетпейтін дақтарды кетіру үшін дистильденген судың,
этанолдың немесе объектив тазалау сұйықтығының кішкентай
мөлшеріне азғантай малынған жұмсақ шүб
ерек
ті пайдаланып
ақырын сүртіңіз. Осы процестен су жəне май жұқпайтын бетте
қалатын кез келген тамшы түріндегі таңбаларды кейін құрғақ
шүберекпен кетіруге болады.
• Фтормен қапталмаған объектив элементтерін тазалау кезінде
дақтарды жəне саусақ іздерін этанолдың немесе объективті
тазалау сұйықтығының кішкентай мөлшеріне азғантай
малынған жұмсақ, таза мақта шүберекті немесе объективті
тазалау сүлгісін па
йдаланып
кетіріңіз. Дақтар қалдырмауға
немесе объективке саусақтармен тимеуге тырысып,
айналатын қозғалыспен ортадан сыртқа қарай ақырын
сүртіңіз.
• Объективті тазалау үшін бояу сұйылтқышы немесе бензин
сияқты органикалық еріткіштерді ешқашан пайдаланбаңыз.
• Алдыңғы объектив элементін қорғау үшін бейтарап түс (NC)
сүзгілерін (бөлек сатылады) жəне сол сияқтыларды
пайдалануға болады.
• Ұзақ уақыт бойы пайдаланылмайтын болса, зеңді жəне тотты
бо
лд
ырмау үшін объективті салқын, құрғақ жерде сақтаңыз.
Тік күн жарығында, я болмаса, нафта немесе камфара күйеге
қарсы шариктерімен бірге сақтамаңыз.