Қолданушы нұсқаулығы
222
Техникалық ескертпелер
➜
NIKKOR Z 24–70mm f/4 S объективінің қолданушы нұсқаулығы
❚❚ Пайдалану алдында
Объектив ішке қарай жиналады жəне пайдалану алдында оны
ұзарту керек. Объектив ұзартылған күйіне «шырт» етіп
түскенше масштабтау сақинасын айналдырыңыз. Фокустық
қашықтық таңбасы фокустық қашықтық шкаласында 24 жəне 70
арасындағы күйлерге нұсқап тұрғанда ғана суреттер түсіруге
болады.
Объективті жинау үшін масштабтау сақинасын қарама-қарсы
бағытта айналдырып, фокустық қашықтық шкаласында (I)
күйіне жеткенде тоқтаңыз.
Фотокамера объектив
ішке қарай жиналған күйде қосылса,
ескерту көрсетіледі. Пайдалану алдында объективті ұзартыңыз.
Суреттерді осы фокустық
қашықтықтарда түсіруге
болады