Қолданушы нұсқаулығы

186
Техникалық ескертпелер
Nikon фотокамераңыз үшін əртүрлі керек-жарақтар қолжетімді.
Басқа керек-жарақтар
Қуат көздері EN-EL15b қайта зарядталатын литий-ионды батареясы:
қосымша EN-EL15b батареялары жергілікті дүкендерде жəне
Nikon қызмет көрсету өкілдерінде қолжетімді. Сондай-ақ
EN-EL15a/EN-EL15 батареяларын пайдалануға болады,
бірақ бір зарядпен азырақ сурет түсіретініңізді ескеріңіз
(0 238).
MH-25a зарядтау құрылғысы: MH-25a зарядтау
құрылғысын EN-EL15b батареяларын зарядтау үшін
пайдалануға болады. Сондай-ақ MH-25 зарядтау
құрылғысын пайдалануға болады.
MB-N10 батарея жинағы: Nikon айнасыз
фотокамераларына арналған бат
арея
жинағы.
Фотокамераға жалғанған болса, ол екі EN-EL15b қайта
зарядталатын литий-ионды батареяларын қуат көзі ретінде
пайдалануға мүмкіндік береді.
•EH-7P зарядтау айнымалы ток адаптері: EH-7P зарядтау
айнымалы ток адаптерін фотокамераға салынған EN-EL15b
батареяларын зарядтау үшін пайдалануға болады (батарея
фотокамера өшірулі кезде ғана зарядталады). Оны
EN-EL15a/EN-EL15 батареяларын зарядтау үшін пайдалану
мүмкін емес.
•EP-5B қуат жалғағышы, EH-5c жəне EH-5b ай
нымалы ток
қ
уат адаптерлері: бұл керек-жарақтарды фотокамераға
ұзақ уақыт бойы қуат беру үшін пайдалануға болады. EP-5B
қуат жалғағышы фотокамераны EH-5c/EH-5b адаптеріне
жалғау үшін керек; мəліметтерді «Қуат жалғағышын жəне
айнымалы ток адаптерін жалғау» (0 191) бөлімінде қараңыз.
Сүзгілер Объективті қорғау үшін бейтарап түс (NC) сүзгілерін
пайдалануға болады.
Кескіннің қосарлануын болдырмау үшін нысан қатты
жарықта кадрға алынғанда немесе кадрда қатты жарық көзі
болғанда сүзгілерді пайдаланбаңыз.
Ортасы бойынша өлшеу экспозицияның өзгеру еселіктері
мəнінен асатын сүзгілер (Y44, Y48, Y52, O56, R60, X0, X1,
C-PL, ND2S, ND4, ND4S, ND8, ND8S, ND400, A2, A12, B2, B8,
B12) үшін матрицалық өлшем қалаған нəтижелерді бермесе
ұсынылады. Мəліметтерді сүзгі нұсқаулығынан қараңыз.
Арнайы əсерлермен фотосурет түсір
уге
арналған сүзгілер
автофокусқа немесе фокустау күйінің индикаторына кедергі
келтіруі мүмкін (I).
Орнату
адаптерлері
FTZ орнату адаптері (0 228)