Қолданушы нұсқаулығы

162
Ақауларды жою
Фотосуреттерде жəне бейнефильмдерде дисплейде көрсетілген алдын-
ала қараумен бірдей экспозиция жоқ сияқты: экспозиция мен түске əсер
ететін параметрлерге енгізілген өзгерістердің əсерлерін алдын-ала қарау үшін
d8 (Apply settings to live view (Тікелей көрініске параметрлерді қолдану))
қолданушы параметрі үшін On (Қосулы) күйін таңдаңыз. Monitor brightness
(Монитор жарықтығы) жəне Viewfinder brightness (Көріністапқыш
жарықтығы) параметрлеріне енгізілген өзгерістер фотокамерамен жазылған
кескіндерге əс
ер
етпейтінін ескеріңіз.
Бейнефильм режимінде жыпылықтау немесе жолақтар пайда болады:
бейнефильм түсіру мəзірінде Flicker reduction (Жыпылықтауды азайту)
параметрін жəне жергілікті айнымалы ток қуат көзінің жиілігіне сəйкес
параметрді таңдаңыз.
Объектив көрінісінде жарық аймақтар немесе жолақтар көрінеді: сурет
жыпылықтайтын белгі, жарқыл немесе ұзақтығы қысқа басқа жарық көзінің
астында құрылуда.
Фотосуреттерде жағылған жерлер пайда болады: объе
кти
втің алдыңғы
жəне артқы элементтерін тазалаңыз. Егер мəселе қайталанса, кескін сенсорын
тазалаңыз.
Bokeh (Боке) біркелкі емес: жоғары ысырма жылдамдықтарын жəне/немесе
жылдам объективтерді пайдаланғанда, сіз боке пішіні біркелкі емес екенін
байқауыңыз мүмкін. Бұл əсерді баяуырақ ысырма жылдамдықтаырн жəне/
немесе жоғарырақ f сандарын таңдау арқылы азайтуға болады.
Суретке түсіру күтпеген жерден аяқталады немесе баста
л
майды:
қоршаған ортаның температурасы жоғары болса немесе фотокамера
қатарынан суретке түсіру, бейнефильм жазу немесе сол сияқты үшін ұзақ
пайдаланылса, фотокамераның ішкі тізбектерінің зақымдалуын болдырмау
үшін суретке түсіру автоматты түрде аяқталуы мүмкін. Фотокамера қызып
кеткендіктен суретке түсіре алмасаңыз, ішкі тізбектердің сууын күтіңіз, содан
кейін əрекетті қайталаңыз. Фотокамера жылы сезілуі мүмкін екенін, біра
қ
бұл
ақаулықты білдірмейтінін ескеріңіз.
Суретке түсіру кезінде дисплейде кескін бұрмаланулары пайда болады:
объективтегі көріністі ұлғайтсаңыз, бұрмалану (кездейсоқ орналасқан жарық
нүктелер, түстердің əркелкілігі немесе сызықтар) жəне күтпеген түстер пайда
болуы мүмкін. Сондай-ақ, кездейсоқ орналасқан жарық нүктелер, түстердің
əркелкілігі немесе жарық нүктелер суретке түсіру кезінде фотокамераның ішкі
тізбектерінің температурасындағы артулардың нəти
жесінде
пайда болуы
мүмкін; пайдаланылып жатпағанда фотокамераны өшіріңіз. Жоғары ISO
сезімталдықтарында ұзақ экспозицияларда немесе фотокамера
температурасы көтерулі кезде жазылған суреттерде бұрмалану көбірек
байқалуы мүмкін. Дисплейдегі бұрмаланудың үлестірімі түпкілікті суреттегіден
басқаша болуы мүмкін екенін ескеріңіз. Бұрмалануды азайту үшін ISO
сезімталдық, ысырма жылдамдығы немесе Active D-Lighting (Қосылған
D-Lighting) сияқты параметрлерді реттеңіз.