Қолданушы нұсқаулығы

123
i мəзірі
Metering (Өлшеу)
Фотокамера бейнефильм режимінде экспозицияны қалай
орнататынын таңдаңыз. Қосымша ақпаратты «Өлшеу» (0 111)
бөлімінде қараңыз, бірақ нүктелі экспоөлшегіш қолжетімді емес
екенін ескеріңіз.
Wi-Fi connection (Wi-Fi байланысы)
Wi-Fi функциясын қосу немесе өшіру. Қосымша ақпаратты
«Wi-Fi байланысы» (0 112) бөлімінде қараңыз.
Active D-Lighting (Қосылған D-Lighting)
Бейнефильм режимі үшін Active D-Lighting (Қосылған D-Lighting)
параметрін таңдаңыз. Қосымша ақпаратты «Қосылған
D-Lighting» бөлімінде қараңыз (0 113). Бейнефильм түсіру
мəзірінде Active D-Lighting (Қосылған D-Lighting) үшін Same
as photo settings (Фотосурет параметрлерімен бірдей)
таңдалған жəне фотосурет түсіру мəзірінде Auto (Автоматты)
таңдалған болса, бейнефильмдер Normal (Қалыпты) мəніне
баламалы параметрде түсірілетінін ескеріңіз.
Electronic VR (Электрондық ДА)
Бейнефильм режимінде электрондық дірілді азайтуды қосу үшін
On (Қосулы) күйін таңдаңыз. 1920 × 1080; 120p, 1920 × 1080;
100p немесе 1920 × 1080 (slow-mo (баяу қозғалыс)) кадр
өлшемінде электрондық дірілді азайту қолжетімді емес.
Электрондық дірілді азайту қосулы кезде көрініс бұрышы
азайтылып, көрінетін фокустық қашықтықты азғантай
арттыратынын жəне бейнефильм жазу үшін максималды
сезімталдық ISO 25600 (Z 7) немесе 51200 (Z 6) мəнінде
бекітілетінін ескеріңіз.
On (Қосулы) таңдалған кезде
дисплейде белгіше көрс
етіледі.