Қолданушы нұсқаулығы

xi
Пайдалану тыйым салынған кезде бұл өнімді өшіріңіз. Сымсыз
жабдықты пайдалануға тыйым салынған кезде сымсыз мүмкіндіктерді
өшіріңіз.
Бұл өнім тудыратын радиожиілікті сəулеленулер ұшақтағы, я болмаса,
ауруханалардағы немесе басқа медициналық мекемелердегі жабдыққа
кедергілер келтіруі мүмкін.
Бұл өнім ұзақ уақыт бойы пайдаланылмайтын болса, батареяны
алыңыз жəне айнымалы ток адаптерін ажыратыңыз.
Бұл сақтық шарасын қ
олданбау өртк
е немесе өнім ақаулығына əкелуі мүмкін.
Жарқылды теріге немесе заттарға тигізіп тұрып немесе жақындатып
жақпаңыз.
Бұл сақтық шарасын қолданбау күйіктерге немесе өртке əкелуі мүмкін.
Өнімді ұзақ уақыт бойы өте жоғары температуралар əсер ететін жерде
қалдырмаңыз, мысалы, жабық автокөлікте немесе тік күн сəулелерінің
астында.
Бұл сақтық шарасын қолданбау өртке немесе өн
ім ақ
аулығына əкелуі мүмкін.
Тікелей АФ қосымша шамына қарамаңыз.
Бұл сақтық шарасын қолданбау көруге кері əсер етуі мүмкін.
Фотокамераларды немесе объективтерді штативтер немесе ұқсас
керек-жарақтар жалғанған күйде тасымалдамаңыз.
Бұл сақтық шарасын қолданбау жарақатқа немесе өнім ақаулығына əкелуі
мүмкін.
ҚАУІП (Батареялар)
Батареяларды дұрыс емес пайдаланбаңыз.
Келесі сақтық шараларын қолданбау батареялардың ағуына, қызып кетуіне,
жарылуына немесе өртенуіне əкелуі мүмкін:
- Тек осы өнімде пайдалану үшін бекітілген қайта зарядталмалы
батареяларды пайдаланыңыз.
- Батареяларға жалын немесе артық жылу əсерін тигізбеңіз.
- Бөлшектемеңіз.
- Алқаларға, түйреуіштерге немесе басқа металл заттарға тигізу арқылы
түйіспе тұстарын қысқа тұйықтамаңыз.
- Батареяларға нем
есе ола
р салынған өнімдерге қатты соққылардың əсерін
тигізбеңіз.
- Батареяларды басуға, шегелермен тесуге немесе балғалармен соғуға
болмайды.