Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)
459
Техникалық ескертпелер
➜
NIKKOR Z 24–70mm f/4 S объективінің қолданушы нұсқаулығы
Керек-жарақтар
❚❚ Жинақтағы керек-жарақтар
• LC-72B 72 мм бекітілетін алдыңғы объектив қақпағы
• LF-N1 объективтің артқы қақпағы
• HB-85 байонеттік блендасы
• CL-C1 объектив қабы
❚❚ Үйлесімді керек-жарақтар
72 мм бұрап бекітілетін сүзгілер
D Объектив қабын пайдалану
• Қап объективті құлаулардан немесе басқа физикалық соққылардан
емес, сызаттардан қорғауға арналған.
• Қап су өткізеді.
• Үйкелгенде немесе ылғалданса, қапта пайдаланылған материал
өңсізденуі, бояу шығаруы, отыруы немесе түсін өзгертуі мүмкін.
• Шаңды жұмсақ қылшақпен кетіріңіз.
• Су мен дақтарды беттен жұмсақ, құрғақ шүберек арқылы кетіруге
болады. Алкогольды, бензинді, сұйылтқышты немесе басқа ұш
қыш
хи
миялық заттарды пайдаланбаңыз.
• Тік күн жарығы, жоғары температуралар немесе ылғалдылық əсер
ететін жерлерде сақтамаңыз.
• Қапты мониторды немесе объектив элементтерін тазалау үшін
пайдаланбаңыз.
• Тасымалдау кезінде объективті қаптан құлатып алмаңыз.
Материал: полиэстер
D Сүзгілер
Бір уақытта тек бір сүзгіні пайдаланыңыз. Сүзгілерді жалғау немесе
дөңгелек поляризациялық сүзгілерді айналдыру алдында бленданы
алыңыз.