Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)

426
Техникалық ескертпелер
Қолмен тазалау
Кескін сенсорын тазалауды пайдаланып кескін сенсорынан
бөгде заттарды кетіру мүмкін болмаса, сенсорды төменде
сипатталғандай қолмен тазалауға болады. Дегенмен, сенсор
өте нəзік екенін жəне оңай зақымдалатынын ескеріңіз; қолмен
тазалауды тек Nikon компаниясының қызмет көрсету өкілі
орындауын ұсынамыз.
1 Объективті алыңыз.
Фотокамераны өшіріп, объективті немесе корпус қақпағын
алыңыз.
2 Кескін сенсорын тексеріңіз.
Фотокамераны кескін сенсорына
жарық түсіп тұратындай ұстап тұрып,
сенсорда шаң немесе түк бар-жоғын
тексеріңіз. Бөгде заттар бар болса, 4-
қадамға өтіңіз.
3 Сенсорды тазалаңыз.
Ауа үргішпен сенсордан бүкіл шаң
мен түкті алыңыз. Ауа үргіш
қылшақты пайдаланбаңыз, өйткені
қылшықтар сенсорды зақымдауы
мүмкін. Ауа үргішпен кетіру мүмкін
емес кірді тек Nikon компаниясының
қызмет көрсету маманы кетіре алады. Сенсорға ешбір
жағдайларда тимеу немесе оны сүртпеу керек.
4 Объективті немесе корпус қақпағын қайта орнатыңыз.