Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)
415
Техникалық ескертпелер
Nikon фотокамераңыз үшін əртүрлі керек-жарақтар қолжетімді.
Басқа керек-жарақтар
Қуат көздері • EN-EL15b қайта зарядталатын литий-ионды батареясы:
қосымша EN-EL15b батареялары жергілікті дүкендерде жəне
Nikon қызмет көрсету өкілдерінде қолжетімді. Сондай-ақ
EN-EL15a/EN-EL15 батареяларын пайдалануға болады,
бірақ бір зарядпен азырақ сурет түсіретініңізді ескеріңіз
(0 471).
• MH-25a зарядтау құрылғысы: MH-25a зарядтау
құрылғысын EN-EL15b батареяларын зарядтау үшін
пайдалануға болады. Сондай-ақ MH-25 зарядтау
құрылғысын пайдалануға болады.
• MB-N10 батарея жинағы: Nikon айнасыз
фотокамераларына арналған бат
арея
жинағы.
Фотокамераға жалғанған болса, ол екі EN-EL15b қайта
зарядталатын литий-ионды батареяларын қуат көзі ретінде
пайдалануға мүмкіндік береді.
•EH-7P зарядтау айнымалы ток адаптері: EH-7P зарядтау
айнымалы ток адаптерін фотокамераға салынған EN-EL15b
батареяларын зарядтау үшін пайдалануға болады (батарея
фотокамера өшірулі кезде ғана зарядталады). Оны
EN-EL15a/EN-EL15 батареяларын зарядтау үшін пайдалану
мүмкін емес.
• EP-5B қуат жалғағышы, EH-5c жəне EH-5
b ай
нымалы ток
қуат адаптерлері: бұл керек-жарақтарды фотокамераға
ұзақ уақыт бойы қуат беру үшін пайдалануға болады. EP-5B
қуат жалғағышы фотокамераны EH-5c/EH-5b адаптеріне
жалғау үшін керек; мəліметтерді «Қуат жалғағышын жəне
айнымалы ток адаптерін жалғау» (0 420) бөлімінде қараңыз.
Сүзгілер • Объективті қорғау үшін бейтарап түс (NC) сүзгілерін
пайдалануға болады.
• Кескіннің қосарлануын болдырмау үшін нысан қатты
жарықта кадрға алынғанда немесе кадрда қатты жарық көзі
болғанда сүзгілерді пайдаланбаңыз.
• Ортасы бойынша өлшеу экспозицияның өзгеру еселіктері 1×
мəнінен асатын сүзгілер (Y44, Y48, Y52, O56, R60, X0, X1,
C-PL, ND2S, ND4, ND4S, ND8, ND8S, ND400, A2, A12, B2, B8,
B12) үшін матрицалық өлшем қалаған нəтижелерді бермесе
ұсынылады. Мəліметтерді сүзгі нұсқаулығынан қараңыз.
• Арнайы əсерлермен фотосурет түсіруге ар
н
алған сүзгілер
автофокусқа немесе фокустау күйінің индикаторына кедергі
келтіруі мүмкін (I).
Орнату
адаптерлері
FTZ орнату адаптері (0 461)