Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)
390
Ақауларды жою
Төменде кейбір жиі кездесетін мəселелердің шешімдері
тізілген.
Батарея/Дисплей
Мəселелер мен шешімдер
Фотокамера қосулы, бірақ жауап бермейді: жазу аяқталғанша күтіңіз. Егер
мəселе қайталанса, фотокамераны өшіріңіз. Егер фотокамера өшірілмесе,
батареясын алып, қайта салыңыз, егер айнымалы адаптерін пайдалансаңыз,
айнымалы адаптерін ажыратып, қайта қосыңыз. Ағымдағы кез келген жазылып
жатқан деректердің жойылатынын ескеріңіз, бірақ əлдеқашан жазылған
деректерге қуат көзін алу немесе ажырату əсер етпейді.
Көріністапқыш немесе монитор қосылмайды:
• Монитор режимі түймешігін пайдаланып басқа монитор режимін таңдаңыз
(алдымен баптау мəзірінде Limit monitor mode selection (Монитор режимін
таңдауды шектеу) параметрін пайдаланып қалаған режимді қосу керек
болуы мүмкін екенін ескеріңіз).
• Шаң, түк немесе басқа бөгде заттар көз сенсорының қалыпты жұмыс істеуіне
кедергі болуы мүмкін. Көз сенсорын ауа үргішпен тазалаңыз.
Көріністапқыш фокустан тыс: көріністапқышты фокустау үшін ди
опт
рияны
реттеу тетігін айналдырыңыз. Бұл мəселені шешпесе, AF-S, жалғыз нүктелі АФ
жəне орталық фокустау нүктесін таңдаңыз, содан кейін жоғары контрастты
нысанды орталық фокустау нүктесінде жақтауға алып, фотокамераны
фокустау үшін ысырманы босату түймешігін жартылай басыңыз. Фотокамера
фокуста болған кезде нысанды көріністапқышта фокусқа анық түрде алу үшін
диоптрияны реттеу тетігін пайдаланыңыз.
Ди
сплейлер
ескертусіз өшеді: c3 (Power off delay (Қуатты өшіруді
кешіктіру)) қолданушы параметрі үшін ұзағырақ кешіктірулерді таңдаңыз.
Басқару панелі жауап бермейді жəне күңгірт: басқару панелінің жауап
уақыттары жəне жарықтығы температураға қарай өзгеріп отырады.