Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)
384
Қашықтағы жарқылмен фотосурет түсіру
5 f: қашықтан басқарылатын жарқыл бөліктерін
топтаңыз.
Əрбір қашықтан басқарылатын жарқыл бөлігі үшін топты (A,
B немесе C) таңдаңыз. Пайдалануға болатын қашықтан
басқарылатын жарқыл бөліктерінің санына шектеу
болмағанымен, іс жүзіндегі ең жоғары мəн — əр топ үшін үш.
Бұл саннан көбірек болса, қашықтан басқарылатын жарқыл
бөліктері шығаратын жарық жұмысқа кедергі келтіреді.
6 C/f: түсірілімді жиектеңіз.
Суретті жиектеңіз жəне жарқыл бөліктерін орналастырыңыз.
Қосымша ақпаратты жарқыл бөліктерімен бірге қамтамасыз
етілген құжаттамада қараңыз. Бөліктерді орналастырудан
кейін жарқылды сынау мақсатында қосу үшін басты
жарқылдағы сынақ түймешігін басыңыз жəне бөліктер
қалыпты жұмыс істеп тұрғанына көз жеткізіңіз. Сондай-ақ
жарқыл бөліктерін жарқылдың ақпараттық дисплейіндегі i
түймешігін басу (0 388) жəне c T
est flash (c Жарқылды
сынау) пəрменін таңдау арқылы сынау мақсатында қосуға
болады.
7 C/f: фотосурет түсіріңіз.
Барлық жарқыл бөліктерінің жарқылдың дайындығын
білдіретін шамдары жанып тұрғанына көз жеткізгеннен кейін
фотосурет түсіріңіз.
D Optical AWL (Оптикалық AWL)
Қашықтан басқарылатын жарқыл бөліктеріндегі сенсор терезелерін
басты жарқылдан жарықты алатындай орналастырыңыз (əсіресе,
фотокамера штативке бекітілмеген болса сақ болу керек). Тік жарық
немесе қашықтан басқарылатын жарқыл бөліктерінен қатты
шағылысулар фотокамера объективіне (TTL режимінде) немесе
қашықтан басқарылатын жарқыл бөліктеріндегі фотоұяшықтарға
(
q
A
режимі) кірмейтініне көз жеткізіңіз, өйткені бұл экспозицияға кедергі
келтіруі мүмкін. Басты жарқыл шығаратын қарқындылығы төмен уақытты
есептеу жарқылдарының қысқа ауқымда түсірілген фотосуреттерде
көрінуін болдырмау үшін төмен ISO сезімталдықтарын немесе кішкентай
апертураларды (жоғары f сандары) таңдаңыз. Қашықтан басқарылатын
жарқыл бөліктерін орналастырудан кейін сынақ түсірілім түсіріңіз жəне
нəтижелерді фотокамера дисплейінде көріңіз.