Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)
376
Қашықтағы жарқылмен фотосурет түсіру
Керек-жарақтарға арналған құрылғыға
бекітілетін жарқыл бөлігін қосу
Радиомен басқарылатын жарқыл бөліктерін
фотокамераның керек-жарақтарға арналған
құрылғысына бекітілген келесі жарқыл
бөліктерінің кез келгенімен біріктіруге
болады:
• SB-5000: бекіту алдында жарқыл бөлігін
радиомен басқарылатын басты жарқыл режиміне орнатыңыз
(дисплейдің жоғарғы сол жақ бұрышында d белгішесі
көрсетіледі), сөйтіп топтық немесе қашықтан бірнеше рет
жанатын жарқылды басқаруды таңдаңыз. Бөлік жалғанғаннан
кейін параметрлерді жарқыл бө
лігіндегі басқару элементтерін
немес
е фотокамера мəзірлерінде Group flash options
(Топтық жарқыл параметрлері) > Master flash (Басты
жарқыл) тармағында немесе Remote repeating options
(Қашықтан қайталау параметрлері) дисплейінің «M»
тармағында тізілген параметрлерді пайдаланып реттеуге
болады.
• SB-910, SB-900, SB-800, SB-700, SB-600: жарқылды оқшау
пайдалануға конфигурациялаңыз жəне жарқыл параметрлерін
реттеу үшін жарқыл бөлігіндегі басқару тетіктерін
пайдаланыңыз.
• SB-500, SB-400, SB-300: бөлікті фотокамераға бекітіп,
параметрлерді фотокамераның Group flash options (Топтық
жарқыл п
араметрлері) >
Master flash (Бастсы жарқыл)
параметрін пайдаланып реттеңіз.