Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)
368
Қашықтағы жарқылмен фотосурет түсіру
5 f: сымсыз байланысты орнатыңыз.
Қашықтан басқарылатын жарқыл бөліктерін радио AWL
қашықтан істейтін жарқыл режиміне орнатыңыз жəне
құрылғыларды 3-қадамда таңдаған арнаға орнатыңыз, содан
кейін қашықтағы бөліктердің əрқайсысын 4-қадамда
таңдалған параметрге сай WR-R10 сымсыз қашықтан
басқару бөлігімен жұптастырыңыз:
•Pairing (Жұптастыру): қашықтағы бөлікте жұптастыруды
бастап, WR-R10 суреттерді жұптастыру түймешігін басыңыз.
Жұптастыру WR-R10 сымсыз қашықтан басқару бөлігіндегі
жəне жарқыл бөлігіндегі LINK шамдары сарғылт жəне жасыл
түстермен жыпылықтағанда аяқталады; байланыс
орнатылғаннан кейін қашықтан басқарылатын жарқыл
бөлігіндегі LINK шамы жасыл түспен жанады.
•PIN: 4-қадамда таңдаған PIN кодын енгізу үшін қашықтан
басқарылатын жарқыл бөлігіндегі басқару элементтерін
пайдаланыңыз. Байланыс орнатылғаннан кейін қашықтағы
бөліктегі LINK шамы жасыл түспен жанады.
6 f:
Барлық жарқыл бөліктерінің жарқылдың дайындығын
білдіретін шамдары жанып тұрғанына көз жеткізіңіз.
Радио AWL режимінде барлық жарқыл бөліктері дайын
болғанда жарқылдың дайындығын білдіретін индикатор
фотокамераның дисплейінде жанады.
D Қашықтан басқарылатын жарқыл бөліктерінің тізімі
Қазіргі уақытта радио AWL арқылы басқарылатын жарқыл бөліктерін көру үшін
фотосурет түсіру мəзірінде
Flash control (Жарқылды басқару)
>
Radio remote
flash info (Радиомен қашықтан басқарылатын жарқыл туралы ақпарат)
тармағын таңдаңыз. Əр бөліктің идентификаторын (қашықтан басқарылатын жарқыл
бөлігінің атауы) жарқыл бөлігінің басқару тетіктерін пайдаланып өзгертуге болады.
Қосылған жарқыл бөлігі
Топ Жарқылдың дайындығын
білдіретін индикатор