Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)
352
Фотокамерадағы жарқылмен фотосурет түсіру
Қосымша жарқыл бөлігін фотокамераға бекіту жəне жарқылды
пайдаланып фотосуреттер түсіру үшін төмендегі қадамдарды
орындаңыз.
1 Бөлікті керек-жарақтарға арналған
құрылғыға бекітіңіз.
Мəліметтерді бөлікпен берілген
нұсқаулықтан қараңыз.
2 Фотокамераны жəне жарқыл бөлігін қосыңыз.
Жарқыл зарядтала бастайды; зарядтау аяқталғанда
жарқылдың дайындығын білдіретін индикатор (c)
көрсетіледі.
3 Жарқыл параметрлерін реттеңіз.
Кірістірілген жарқылды басқару режимін (0 354) жəне
жарқыл режимін (0 356) таңдаңыз.
4 Ысырма жылдамдығын жəне апертураны реттеңіз.
5 Суреттер түсіріңіз.
Фотокамерадағы жарқылды пайдалану
D Тек Nikon жарқылының керек-
жарақтарын пайдаланыңыз
Тек Nikon жарқыл бөліктерін
пайдаланыңыз. Керек-жарақтарға
арналған құрылғыға қолданылатын теріс
кернеулер немесе 250 В-тан асатын
кернеулер қалыпты жұмысты тоқтатып
қана қоймай, фотокамераның немесе
жарқылдың синхрондау тізбегін
зақымдауы мүмкін.