Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)
348
Қосылымдар
HDMI жазу құрылғылары
Фотокамера тікелей қосылған HDMI
жазу құрылғыларына бейне жаза алады.
Кейбір жазу құрылғылары тіпті
фотокамераның басқару элементтері
арқылы жазуды бастайды жəне
тоқтатады. HDMI шығысының
параметрлерін реттеу үшін баптау
мəзіріндегі HDMI параметрін пайдаланыңыз.
• Output Resolution (Шығыс ажыратымдылық): HDMI
құрылғысына шығарылатын кескіндердің пішімін таңдау. Auto
(Автоматты) таңдалған болса, фотокамера тиісті пішімді
автоматты түрде таңдайды.
• Advanced (Кеңейтілген): төмендегі параметрлерді ретте
у.
- Ou
tput range (Шығыс ауқым): жағдайлардың көпшілігінде
Auto (Автоматты) ұсынылады. Фотокамера HDMI
құрылғысы үшін дұрыс RGB бейне сигналының шығыс
ауқымын анықтай алмаса, 16 мен 235 арасындағы RGB
бейне сигналының кіріс ауқымы бар құрылғылар үшін
Limited range (Шектелген ауқым) параметрін немесе 0 мен
255 арасындағы RGB бейне сигналының кіріс ауқымы бар
құрылғылар үшін Full range (Толық ауқым) параметрін
таңдауға болады. Көлеңкелерде кішігірім
элементтердің
жоғалуын байқасаңыз, Limited range (Шектелген ауқым)
параметрін, көлеңкелер «ағарған» немесе тым жарық болса,
Full range (Толық ауқым) параметрін таңдаңыз.