Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)
341
Қосылымдар
2 Фотокамераны қосыңыз.
ViewNX-i бағдарламасының Nikon Transfer 2 құрамдасы іске
қосылады (сізге бағдарламаны таңдауды сұрайтын хабар
көрсетілсе, Nikon Transfer 2 бағдарламасын таңдаңыз).
Nikon Transfer 2 автоматты түрде іске қосылмаса, ViewNX-i
бағдарламасын іске қосып, «Import (Импорттау)» белгішесін
басыңыз.
D Windows 7
Келесі диалогтық терезе көрсетілсе, Nikon Transfer 2
бағдарламасын төменде сипатталғандай таңдаңыз.
1 Import pictures and videos
(Суреттер мен бейнелерді
импорттау) тармағында Change
program (Бағдарламаны өзгерту)
пəрменін басыңыз. Бағдарламаны
таңдау диалогтық терезесі
көрсетіледі; Nikon Transfer 2 бағдарламасын таңдап, OK
түймешігін басыңыз.
2 белгішесін екі рет басыңыз.
D Windows 10 жəне Windows 8.1
Windows 10 жəне Windows 8.1 жүйелері
фотокамера қосылғанда автоматты
түрде ойнату ұсынысын көрсетуі мүмкін.
Тілқатысу терезесін түртіңіз немесе
басыңыз, содан кейін Nikon Transfer 2
қолданбасын таңдау үшін
Nikon Transfer 2 атауын басыңыз.
D macOS/OS X
Nikon Transfer 2 қолданбасы автоматты түрде іске қосылмаса,
фотокамера қосулы екеніне көз жеткізіңіз, содан кейін Image
Capture (macOS немесе OS X жүйелерінде болатын қолданба)
қолданбасын іске қосыңыз жəне фотокамера анықталғанда
ашылатын қолданба ретінде Nikon Transfer 2 қолданбасын
таңдаңыз.