Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)

10
Фотокамерамен танысу
Сенсорлық басқару элементтері
Сенсорлық мониторды фотокамера
параметрлерін реттеу, фокустау жəне
ысырманы босату, фотосуреттер мен
бейнефильмдерді көру, мəтін енгізу
жəне мəзірлерді шарлау үшін
пайдалануға болады. Көріністапқыш
пайдаланылып жатқанда сенсорлық
басқару элементтері қолжетімді емес.
❚❚ Ысырманы фокустау жəне босату
Таңдалған нүктені фокустау үшін
мониторды түртіңіз (сенсорлы АФ).
Фотосурет режимінде ысырма саусақты
дисплейден көтергенде босатылады
(сенсорлы қосылатын ысырма).
Сенсорлы АФ параметрлерін W
белгішесін түрту арқылы реттеуге
болады (0 60).