Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)

304
Мəзір нұсқаулығы > B Баптау мəзірі
3 Тозаң іздерін кетіру анықтамалық деректерін алыңыз.
Кескіндегі тозаң іздерін кетіру анықтамалық деректерін алу
үшін ысырманы босату түймешігін жартылай басыңыз.
Ысырманы босату түймешігі басылғанда монитор өшеді.
Анықтамалық нысан тым жарық
немесе тым күңгірт болса,
фотокамера кескіндегі тозаң іздерін
кетіру анықтамалық деректерін ала
алмауы мүмкін жəне хабар
көрсетіледі. Басқа анықтамалық
нысанды таңдаңыз жəне процесті
1-қадам
нан бастап қайталаңыз.
D Кескін сенсорын тазалау
Кескін сенсорын тазалау алдында жазылған кескіндегі тозаң іздерін
кетіру анықтамалық деректерін кескін сенсорын тазалап болғаннан
кейін түсірілген фотосуреттер үшін пайдалану мүмкін емес. Clean
sensor and then start (Сенсорды тазалау, содан кейін бастау)
параметрін кескіндегі тозаң іздерін кетіру анықтамалық деректері бар
фотосуреттерде пайдаланылмайтын болса ғана таңдаңыз.
D Кескіндегі тозаң іздерін кетіру анықтамалық деректері
Ұқсас анықтамалық деректерді басқа
обьектив немесе басқа апертураны
қолданып түсірген фотосуреттерде
пайдалануға болады. Анықтамалық
кескіндерді компьютерлік кескіндерді өңдеу
бағдарламалық жасақтамасын пайдаланып
көру мүмкін емес. Анықтамалық кескіндерді
фотокамерада қараған кезде координаттық
тор көрсетіледі.