Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)
284
Мəзір нұсқаулығы > A Қолданушы параметрлері
• Menus and playback (Мəзірлер жəне ойнату): мəзірлер жəне
ойнату үшін мульти селекторды пайдалану үшін Off (Өшірулі)
күйін таңдаңыз. On (Қосулы) немесе On (image review excluded)
(Қосулы (кескінді тексере қарау кірмейді)) таңдалған болса,
басты басқару дискін толық өлшемде қарау кезінде көрсетілетін
суретті таңдау əрі сурет нобайларын жəне мəзір элементтерін
белгілеу үшін пайдалануға болады. Қосымша басқару дискі толық
өлшемде қарау режимінде Sub-dial frame advance (Қосымша
дискімен кадрды жылжыту) үшін таңдалған параметрге сай алға
немесе артқа өткізіп жіберу жəне сурет нобайын қарау режимінде
бір бет жоғары немесе бір бет төмен жылжу үшін пайдаланылады.
Мəзірлер көрсетілгенде, қосымша басқару дискін оңға айналдыру
белгіленген параметр үшін қосымша мəзірді көрсетеді, солға
айналдыру алдыңғы мəзірді көрсетеді. Таңдау жасау үшін 2
немесе J түймешігін басыңыз. On (image review excluded)
(Қосулы (кескінді тексере қарай кірмейді)) параметрін таңдау
кескінді тексере қарау кезінде басқару дискілерінің ойнату үшін
пайдаланылуын болдырмайды.
• Sub-dial frame advance (Қосымша дискімен кадрды жылжыту):
Menus and playback (Мəзірлер жəне ойнату) үшін On (Қосулы)
немесе On (image review excluded) (Қосулы (кескінді тексере
қарау кірмейді)) таңдалған болса, қалтаны таңдау, бір уақытта
10 немесе 50 кадр алға немесе артқа өткізіп жіберу, я болмаса
келесі немесе алдыңғы қорғалған суретке, келесі немесе алдыңғы
бейнефильмге немесе таңдалған бағасы (бағаны таңдау үшін
Rating (Баға) параметрін белгілеп, 2 түймешігін басыңыз) бар
келесі немесе алдыңғы суретке өту үшін толық өлшемде қарау
кезінде қосымша басқару дискін айналдыруға болады.