Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)

234
Мəзір нұсқаулығы > C Фотосурет түсіру мəзірі
Focus Shift Photography (Фокусты жылжыту
арқылы фотосурет түсіру)
1 Focus shift shooting (Фокусты
жылжыту арқылы суретке түсіру)
параметрін таңдаңыз.
Фотосурет түсіру мəзірінде Focus
shift shooting (Фокусты жылжыту
арқылы суретке түсіру) параметрін
белгілеп, 2 түймешігін басыңыз.
Фокусты жылжыту параметрлері
көрсетіледі.
2 Фокусты жылжыту параметрлерін реттеңіз.
Келесі параметрлерді реттеңіз.
No. of shots (Түсірілімдер саны)
: түсірілімдер санын таңдаңыз.
D Суретке түсіруден бұрын
Фокусты жылжыту арқылы фотосурет түсіруді бастау алдында
ағымдағы параметрлерде сынақ түсірілім жасаңыз жəне нəтижелерді
көріңіз. Суретке түсірудің үзілмеуін қамтамасыз ету үшін
фотокамераның батареясы толығымен зарядтаулы екеніне көз
жеткізіңіз. Күмəніңіз болса, пайдалану алдында батареяны зарядтаңыз
немесе айнымалы ток адаптерін жəне қуат жалғағышын (бөлек
сатылады) пайдаланыңыз.
No. of shots (Түсірілімдер саны)
параметрін белгілеп, 2
түймешігін басыңыз.
Түсірілімдер санын таңдаңыз
жəне J түймешігін басыңыз.