Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)
196
Мəзір нұсқаулығы > C Фотосурет түсіру мəзірі
D Экспозиция жəне жарқыл брекетингі
Үздіксіз суретке түсіру режимдерінде суретке түсіру брекетинг
бағдарламасында көрсетілген түсірілімдер саны түсірілгеннен кейін
кідіртіледі. Келесі рет ысырманы босату түймешігі басылғанда суретке
түсіру жалғасады.
Тізбектегі барлық түсірілімдер түсіріліп болғанша жад картасы толып
кетсе, жад картасын ауыстырғаннан немесе жад картасында орын
босату үшін түсірілімдер жойылғаннан кейін суретке түсіруді тізбектегі
келесі тү
сірілімнен баст
ап жалғастыруға болады. Егер тізбектегі
барлық түсірілімдер түсірілгенше фотокамера өшірілсе, фотокамера
қосылған кезде брекетинг тізбектегі келесі түсірілімнен жалғасады.
D Экспозиция брекетингі
Фотокамера ысырма жылдамдығын жəне апертураны (P режимі),
апертураны (S режимі) немесе ысырма жылдамдығын (A жəне M
режимдері) өзгертіп отыру арқылы экспозицияны өзгертеді. P, S жəне A
режимдерінде ISO sensitivity settings (ISO сезімталдық
параметрлері) > Auto ISO sensitivity control (ISO сезімталдықты
автоматты түрде басқару) үшін On (Қосулы) күйі таңдалған болса,
фотокамераның экспозиция жүйесінің шектерінен асқанда
фотокамераны оңтайлы экспозиция үшін I
SO сезімталдықты
а
втоматты түрде өзгертіп тұрады; M режимінде фотокамера
экспозицияны оңтайлы мəнге мүмкіндігінше жақындату үшін алдымен
ISO сезімталдықты автоматты түрде басқаруды пайдаланады, содан
кейін ысырма жылдамдығын өзгерту арқылы осы экспозицияның
брекетингін орындайды. e6 (Auto bracketing (mode M) (Автоматты
брекетинг (M режимі))) қолданушы параметрін фотокамера M
режимінде экспозиция жəне жарқыл брекетингін қалай орындайтынын
өзгерту үшін пайдалануға болады: жарқыл деңге
й
ін ысырма
жылдамдығымен жəне/немесе апертурамен бірге өзгертіп отыру
арқылы, я болмаса тек жарқыл деңгейін өзгертіп отыру арқылы.