Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)

136
Қарау туралы қосымша ақпарат
Select to Send/Deselect (Жіберу үшін таңдау/
таңдауды алу)
Ағымдағы суретті смарт құрылғыға, компьютерге немесе FTP
серверіне жүктеп салу үшін таңдау үшін төмендегі қадамдарды
орындаңыз. Жүктеп салатын суреттерді таңдау үшін пайдаланылатын
i
мəзір параметрлері қосылған құрылғы түріне қарай өзгеріп отырады:
Select to send/deselect (smart device) (Жіберу үшін таңдау/
таңдауды алу (смарт құрылғы)): фотокамера баптау
мəзіріндегі Connect to smart device (Смарт құрылғыға
қосылу) элементін пайдаланып кірістірілген Bluetooth арқылы
смарт құрылғыға қосулы кезде көрсетіледі (0 310).
Select to send/deselect (PC) (Жіберу үшін таңдау/таңдауды алу
(компьютер)): фотокамера баптау мəзіріндегі Connect to PC
(Компьютерге қосылу) элементін пайдаланып кірістірілген Wi-Fi
арқылы компьютерге қосылған кезде көрсетіледі (0 311).
Select to send/deselect (WT) (Жіберу үшін таңдау/таңдауды алу
(WT)): фотокамера баптау мəзіріндегі Wireless transmitter (WT-7)
(Сымсыз таратқыш (WT-7)) элементін пайдаланып WT-7 сымсыз
таратқышы (бөлек сатылады) арқылы компьютерге немесе FTP
серверіне қосылған кезде көрсетіледі (0 311).
1 Суретті таңдаңыз.
Суретті толық өлшемде қарау немесе ойнатуды масштабтау
режимінде көрсетіңіз немесе оны сурет нобайларының тізімінде
таңдаңыз.
2 Select to send/deselect (Жіберу
үшін таңдау/таңдауды алу)
пəрменін таңдаңыз.
i мəзірін көрсету үшін i түймешігін
басыңыз, содан кейін Select to send/
deselect (Жіберу үшін таңдау/
таңдауды алу) пəрменін белгілеңіз
жəне J түймешігін басыңыз. Жүктеп
салу үшін таңдалған суреттер W
белгішесі арқылы көрсетіледі; таңдауды
алу үшін 1 жəне 2 қадамдарын қайталаңыз.
D Бейнефильмдер
Бейнефильмдерді Bluetooth арқылы жүктеп салу мүмкін емес. Басқа əдіс арқылы
жүктеп салынатын бейнефильмдердің максималды файл өлшемі — 4 ГБ.