Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)

125
Қарау туралы қосымша ақпарат
Сурет нобайын қарау
Бірнеше кескінді көру үшін сурет толық
өлшемде көрсетілгенде W (Q)
түймешігін басыңыз. Көрсетілетін
кескіндер саны W (Q) түймешігін басқан
сайын 4–9–72 аралығында артады жəне
X түймешігін басқан сайын азаяды.
Кескіндерді белгілеу үшін мульти
селекторды пайдаланыңыз.
D Сенсорлық басқару элементтері
Сенсорлық басқару элементтерін мониторда суреттер көрсетілгенде
пайдалануға болады (0 11).
D Rotate Tall (Тік суреттерді бұру)
«Тік» (портреттік бағдардағы)
фотосуреттерді тік бағдарда көрсету үшін
қарау мəзірінде Rotate tall (Тік суреттерді
бұру) параметрі үшін On (Қосулы) күйін
таңдаңыз.
D Image Review (Кескінді тексере қарау)
Қарау мəзірінде Image review (Кескінді тексере қарау) үшін On
(Қосулы) күйі таңдалғанда, фотосуреттер түсірілгеннен кейін
автоматты түрде көрсетіледі (фотокамера дұрыс бағытта
тұрғандықтан, кескіндер кескінді тексере қарау кезінде автоматты
түрде бұрылмайды). On (monitor only) (Қосулы (тек монитор))
таңдалған болса, фотосуреттер көріністапқышта көрсетілмейді.
Үздіксіз суретке түсіру режимдерінде фотосуреттер түсіру аяқталғанда
көрсетіледі (ағымдағы қат
ардағы бірі
нші фотосурет көрсетіледі).