Қолданушы нұсқаулығы

Table Of Contents
193
Техникалық ескертпелер
Фотокамераны сақтау, тазалау жəне күтім жасау жолын біліңіз.
Сақтау
Фотокамера ұзақ уақыт бойы пайдаланылмайтын болса,
батареяны алып, салқын, құрғақ аумақта түйіспе тұс қақпағын
орнатқан күйде сақтаңыз. Зеңнің пайда болуына жол бермеу
үшін фотокамераны құрғақ, əрі жақсы желдетілетін жерде
сақтаңыз. Фотокамераны лигроин немесе камфара нафталин
дөңгелектерімен немесе мына орындарда сақтамаңыз:
дұрыс желдетілмейтін немесе ылғалдылығы 60% астам
жерлерде,
теледидар немесе радио сияқты қатты электрмагниттік
өріс
тер шығаратын жабдықтың жанында немесе
температуралары 50 °C градустан жоғары немесе –10 °C
градустан төмен жерлерде
Тазалау
Алкогольды, сұйылтқышты немесе басқа ұшқыш химиялық
заттарды пайдаланбаңыз.
Фотокамера корпусы: тозаңды жəне мамықты алу үшін ауа
үргішті пайдаланып, содан кейін жұмсақ, құрғақ шүберекпен
ақырын сүртіңіз. Фотокамераны жағажайда немесе теңіз
жағасында пайдаланғаннан кейін, құм немесе тұз
түйіршіктерін дистильгенмен сумен азғантай
ылғалдандырылған шүберекпен сүртіп, мұқият құрғатыңыз.
Маңызды: фотокамера ішіндегі шаң-тозаң немесе өзге де
бө
где
нəрселер кепілдікке кірмейтін зақымға əкелуі мүмкін.
Объективтер, көріністапқыш
: шыны беттер оңай
зақымдалады. Тозаң мен мамықты ауа үргішпен кетіріңіз.
Аэрозольды үргішті пайдаланған кезде сұйықтықтығы төгілмеу
үшін сауытын тігінен ұстаңыз. Саусақ іздері мен басқа дақтарды
кетіру үшін жұмсақ шүберекке объективті тазалайтын
сұйықтықтың шамалы мөлшерін құйып, баппен тазалаңыз.
Монитор: тозаң мен мамықты ауа үргішпен кетіріңіз. Саусақ
іздері мен басқа дақтарды кетірген кезде, сыртқы қабатын
жұмсақ шүберекпен немесе былғары терімен ақырын сүртіңіз.
Қатты күш салмаңыз, себебі бұл зақымға немесе ақауға əкелуі
мүмкін.
Фотокамераға күтім жасау