Қолданушы нұсқаулығы

Table Of Contents
111
i мəзірі
Metering (Өлшеу)
Өлшеу фотокамераның экспозицияны орнату əдісін анықтайды.
Мына параметрлер қол жетімді:
Қазіргі уақытта таңдалған параметр
суретке түсіру кезінде дисплейде
белгіше арқылы көрсетіледі.
Параметр Сипаттама
L
Matrix metering
(Матрицалық
өлшем)
Фотокамера кадрдың кең аумағын өлшейді жəне
адам көзімен көретін нəтижелерге жақын болуы
үшін экспозицияны реңк үлестіріміне, түске, кадр
жиектемесіне жəне қашықтыққа сай орнатады.
M
Center-
weighted
metering
(Ортасы
бойынша
өлшеу)
Фотокамера бүкіл кадрды өлшейді, бірақ ең
үлкен салмақты кадрдың ортасына
тағайындайды. Кадрдың ортасының өлшемін b3
(Center-weighted area (Ортасы бойынша
өлшенген аумақ)) қолданушы параметрін
пайдаланып таңдауға болады. Бұл портреттер
үшін классикалық өлшем болып табылады,
сондай-ақмəнінен асатын экспозицияның
өзгеру еселігі бар сүзгілерді пайдаланғанда
ұсынылады.
N
Spot metering
(Нүктелі
экспоөлшегіш)
Фотокамера ағымдағы фокустау нүктесінде
ортаға келтірілген 4 мм шеңберді (кадрдың
шамамен 1,5% тең) өлшеп, ортадан тыс
нысандарды өлшеуді мүмкін етеді (АФ аумағын
автоматты түрде таңдау қолданылып жатса,
фотокамера оның орнына орталық фокустау
нүктесін өлшейді). Нүктелі экспоөлшегіш тіпті
фон əлдеқайда жарығырақ немесе күңгірттеу
болса да нысанның жарық көзінде дұрыс
ұсталуын қамтамасыз етеді.
t
Highlight-
weighted
metering
(Бөлектенгені
бойынша
өлшеу)
Фотокамера ең үлкен салмақты белгіленген
тұстарға тағайындайды. Жарық аумақтағы
кішігірім элементтерді жоғалтуды азайту үшін
осы параметрді пайдаланыңыз, мысалы,
сахнадағы прожектор түскен орындаушыларды
фотосуретке түсіргенде.