Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)

Table Of Contents
35
Алғашқы қадамдар
D Жад карталары
Жад карталары пайдаланылғаннан кейін ыстық болуы мүмкін. Жад
карталарын фотокамерадан алу кезінде сақ болыңыз.
Жад карталарын фотокамераға салған немесе алған кезде
фотокамераны өшіріңіз. Пішімдеу барысында немесе деректер
жазылып, өшіріліп немесе компьютерге немесе басқа құрылғыға
көшіріліп жатқан кезде, жад карталарын фотокамерадан алмаңыз,
фотокамераны өшірмеңіз немесе қуат көзін шығармаңыз немесе
ажыратпаңыз. Ос
ы сақтық ш
араларын орындамау деректерді
жоғалтуға я болмаса фотокамераның немесе жад картасының
зақымдалуына əкелуі мүмкін.
Жад картасының түйіспелеріне саусақпен немесе металл заттармен
тимеңіз.
Майыстыруға, түсіріп алуға немесе қатты соққылардың əсерін тигізуге
болмайды.
Жад картасының корпусына күш қолданбаңыз. Осы сақтық шарасын
орындамау жад картасының зақымдалуына əкелуі мүмкін.
Судың, жылудың, ылғ
алдылықтың жоғары деңгейлерінің не
месе
күннің тік сəулелері əсеріне ұшыратпаңыз.
Жад карталарын компьютерде пішімдемеңіз.
D Жад картасы жоқ
Жад картасы салынбаған болса, түсіру режимінің дисплейінде «жад
картасы жоқ» индикаторы көрсетіледі жəне басқару панелінде де,
түсіру режимінің дисплейінде де [–E–] көрінеді.