Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)

Table Of Contents
484
Бағдарлама жасақтамасының жаңартымдары арқылы
4 Жазуды аяқтау үшін бейнефильм
жазу түймешігін жіберіңіз.
Дауыстық ескертпелері бар
суреттер h белгішелерімен
көрсетіледі.
Жазу 60 секундтан кейін автоматты
түрде аяқталады.
D Сақтық ескертулер: дауыстық ескертпе жазу
Ескертпелері (h белгішелері арқылы көрсетіледі) бар суреттерге
дауыстық ескертпелер қосу мүмкін емес. Жаңа ескертпені жазуға
əрекеттену алдында бар ескертпені жойыңыз.
Жазу орындалып жатқанда басқа суреттерді көре немесе сенсорлық
басқару элементтерін пайдалана алмайсыз.
Мына жағдайларда жазу аяқталады:
- O түймешігін бассаңыз,
- ойнату режимінен шықсаңыз немесе
- фотокамераны өш
ірсеңіз.
Ысыр
маны босату түймешігін бассаңыз немесе фотокамераның
басқа басқару элементтерін пайдалансаңыз, жазу аяқталуы мүмкін.
A Дауыстық ескертпелердің файл атаулары
Дауыстық ескертпелердің «DSC_nnnn.WAV» түріндегі файл атаулары
болады, мұндағы nnnnдауыстық ескертпе байланыстырылған
суреттен көшірілген төрт цифрлық сан.
Фотосурет түсіру мəзірінде Color space (Түс кеңістігі) үшін Adobe
RGB мəні таңдалып түсірілген суреттер үшін дауыстық
ескертпелердің файл атаулары «_DSCnnnn.WAV» түрінде болады.
«DSC» орнына, фотосурет түсіру мəзіріндегі File naming (Файл
атаулары) арқылы атау бе
рілген суреттер үшін д
ауыстық
ескертпелерде өздері байланыстырылған суреттермен бірдей үш
əріптік префикс болады.