Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)

Table Of Contents
354
Фотокамерадағы жарқылмен фотосурет түсіру
Қосымша жарқыл бөлігін фотокамераға бекіту жəне жарқылды
пайдаланып фотосуреттер түсіру үшін төмендегі қадамдарды
орындаңыз.
1 Бөлікті керек-жарақтарға арналған
құрылғыға бекітіңіз.
Мəліметтерді бөлікпен берілген
нұсқаулықтан қараңыз.
2 Фотокамераны жəне жарқыл бөлігін қосыңыз.
Жарқыл зарядтала бастайды; зарядтау аяқталғанда
жарқылдың дайындығын білдіретін индикатор (c)
көрсетіледі.
3 Жарқыл параметрлерін реттеңіз.
Кірістірілген жарқылды басқару режимін (0 356) жəне
жарқыл режимін (0 358) таңдаңыз.
4 Ысырма жылдамдығын жəне апертураны реттеңіз.
5 Суреттер түсіріңіз.
Фотокамерадағы жарқылды пайдалану
D Үшінші тарап жарқыл бөліктері
Фотокамераны фотокамераның X
түйіспелеріне 250 В-тан астам
кернеулерді қолданатын немесе керек-
жарақтарға арналған құрылғыдағы
түйіспелерді қысқа тұйықтайтын жарқыл
бөліктерімен бірге пайдалану мүмкін
емес. Мұндай жарқыл бөліктерін
пайдалану фотокамераның қалыпты
жұмысына кедергі келтіріп қана қоймай,
сонымен қатар фотокамераның жəне/
немесе жарқылдың жарқылды
синхрондау тізбектерін зақымдауы
мүмкін.