Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)

Table Of Contents
346
Қосылымдар
Жинақтағы USB кабельді пайдаланып таңдалған JPEG
пішіміндегі кескіндерді тікелей фотокамераға қосылған
PictBridge принтерінде басып шығаруға болады. Кабельді қосу
кезінде күшті пайдаланбаңыз немесе жалғағыштарды
бұрышпен кіргізуге əрекеттенбеңіз.
Фотокамера жəне принтер қосулы кезде сəлемдесу экраны,
содан кейін PictBridge ойнату дисплейі көрсетіледі.
Принтерлерге қосылу
D Басып шығарылатын фотосуреттерді таңдау
NEF (RAW) немесе TIFF (RGB) кескін сапасы параметрлерімен
жасалған кескіндерді басып шығару үшін таңдау мүмкін емес. NEF
(RAW) пішіміндегі кескіндердің JPEG көшірмесін өңдеу мəзіріндегі NEF
(RAW) processing (NEF (RAW) өңдеу) параметрін пайдаланып
жасауға болады.
D Тікелей USB қосылымы арқылы басып шығару
Батарея толығымен зарядталған екеніне көз жеткізіңіз немесе
айнымалы ток адаптерін жəне қуат жалғағышын (бөлек сатылады)
пайдаланыңыз. Тікелей USB байланысы арқылы басып шығарылатын
фотосуреттерді түсіру кезінде Color space (Түс кеңістігі) параметрін
sRGB мəніне орнатыңыз.
D Сонымен қатар келесіні қараңыз
Басып шығару кезінде қате орын алса не істеу керектігі туралы
ақпаратты «Қате туралы хабарлар» (0 400) бөлімінде қараңыз.