Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)

Table Of Contents
344
Қосылымдар
D macOS
Nikon Transfer 2 қолданбасы автоматты түрде іске қосылмаса,
фотокамера қосулы екеніне көз жеткізіңіз, содан кейін Image Capture
(macOS жүйесінде болатын қолданба) қолданбасын іске қосыңыз жəне
фотокамера анықталғанда ашылатын қолданба ретінде Nikon Transfer 2
қолданбасын таңдаңыз.
D Сақтық ескерту: Бейнефильмдерді тасымалдау
Жад картасы басқа маркадағы немесе үлгідегі фотокамераға салынған
кезде бейнелерді тасымалдауға əрекеттенбеңіз. Бұлай істеу
бейнефильмдердің тасымалдаусыз жойылуына əкелуі мүмкін.
D Сақтық ескертулер: Компьютерлерге қосылу
Тасымалдау орындалып жатқанда фотокамераны өшірмеңіз немесе
USB кабельді ажыратпаңыз.
Күшті пайдаланбаңыз немесе жалғағыштарды бұрышпен салуға
əрекеттенбеңіз. Сондай-ақ кабельді ажыратқан кезде қосқыштарды
түзу ұстауды ұмытпаңыз.
Кабельді жалғау немесе ажырату кезінде фотокамераны міндетті
түрде өшіріңіз.
Деректерді тасымалдаудың үзілмеуін қамтамасыз ету үшін
фотокамера батареясы толығымен зарядталған екеніне көз жеткізіңіз.
D USB концентраторлары
Фотокамераны тікелей компьютерге жалғаңыз; кабельді USB
концентратор немесе пернетақта арқылы жалғамаңыз. Фотокамераны
алдын ала орнатылған USB портына жалғаңыз.