Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)

Table Of Contents
342
Қосылымдар
❚❚ NX Studio арқылы суреттерді компьютерге көшіру
Толық нұсқауларды онлайн анықтамадан қараңыз.
1 Фотокамераны компьютерге қосыңыз.
Фотокамераны өшіру жəне жад картасы салынғанына көз
жеткізуден кейін жинақтағы USB кабельді көрсетілгендей
жалғаңыз.
2 Фотокамераны қосыңыз.
NX Studio бағдарламасының Nikon Transfer 2 құрамдасы
іске қосылады. Nikon Transfer 2 кескіндерді тасымалдау
бағдарламалық жасақтамасы NX Studio бөлігі ретінде
орнатылады.
Бағдарламаны таңдауды сұрайтын хабар көрсетілсе,
Nikon Transfer 2 бағдарламасын таңдаңыз.
Nikon Transfer 2 автоматты түрде іске қосылмаса, NX Studio
бағдарламасын іске қосып, «Импорттау» белгішесін
басыңыз.
A Жад картасын оқу құралын пайдалану
Сондай-ақ суреттерді үшінші тарап жад картасын оқу құралына
салынған жад картасынан көшіруге болады. Дегенмен, картаның
жад картасын оқу құралымен үйлесімді екенін тексеру керек.